14 қараша 2022

        Жаңа үлгідегі тұрғын үй: жеке террассалары бар екі деңгейлі пәтерлер

        Астанада Prime жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің сатылымы басталады. BI Group құрылыс компаниясы бизнес-класс жобасын экологиялық таза аудандағы Фариза Оңғарсынова және 38-көшелердің қиылысында салатын болады.

         

        Қаланың у-шуға толы көшелерінен оқшауланған квартал негізгі инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың жанында орналасқан. Дәл жанында балабақшалар мен сапалы білім беруге қажетті озық технологиялармен жабдықталған BINOM инновациялық мектебі болады. 8 минуттық жерде Mega Silk Way СОО, АХҚО, НЗМ, №88 мектеп-лицейі, Қазақ ұлттық хореография академиясы, Ботаникалық бақ пен Триумфалды арка орналасқан. Кешеннің қасында «Нұра-Есіл» каналының қалалық жағалауы созылып жатыр, ол жер абаттандырылғаннан кейін таңертеңгі жүгіруден рақаттанып, балық аулаудан жан тыныштығын табуға, барбекю ұйымдастырып, стритбол, футбол және үстел теннисін ойнауға болады

        Көп қабатты және жеке үйлердің өзіндік артықшылықтарының сәтті үйлесім табуы жобаның ерекшелігін көрсетеді. Мұнда жеке кіреберісі мен өз террасасы бар екі деңгейлі пәтерден тұратын бес эксклюзивті Private House болады. Бірінші қабаттың биіктігі – 3,45 метр, екінші қабаттікі – 3 м, террассалардың ауданы 12-ден 34 шаршы метрге дейін ұласады.

        Құрылыс барысында үйдің сыртқы бетіне ​​шетелдік өндірушілердің заманауи архитектуралық стильде безендірілген желдетілетін қасбеті қолданылады. Үйдің қаңқасы монолитті темірбетон мен кірпіштен жасалады. Ұлғайтылған бес камералы терезелер жылу мен дыбыс оқшаулаудың ең жоғары талаптарына жауап береді. Жобада «қалқымалы еден» технологиясы және пәтераралық қалқа арасына шуды естіртпейтін Acoustic Pro қолданылады.

        Дәстүр бойынша қауіпсіздікке баса назар аударылады: автокөліктер кірмейтін жабық аула, тәулік бойы күзет, интеллектуалды бейнебақылау жүйесі қарастырылған. Абаттандырылған аумақ, ойын және жаттығу алаңдары, серуендеу жолдары мен демалуға арналған тыныш орындар әрбір тұрғынның бос уақытын жайлы өткізуі үшін арнайы жасалады.

        Кіреберістер жоғары сапалы материалдардан жеке дизайн жобасы бойынша безендіріледі. Мұндағы әрбір элемент түстердің үйлесімділігінен жарықтандыруға дейін егжей-тегжейлі ойластырылған. Бесік арбаларға арналған орындар мен кіріктірілген көлік тұрағы бар. Маусымдық заттарды жеке қоймаларды сақтауға болады. Әр пәтердің есігіне код, смарт-карта және механикалық кілт сияқты 3 тәсілмен ашылатын электр құлыптары орнатылады.

        Сонымен қатар компания есікті ашуға, судың ағуына, температура мен ылғал өлшеуге, өрт дабылына, электр қуатын басқару мен суды өшіретін электр қақпағына арналған Connected Home хабаршы нұсқаларын қолданады.

        Prime тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің еркін жоспарлануы клиенттің барлық талабы мен сұранысына сәйкес келетін пәтерді таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы ауданы 39-248 шаршы метр болатын 1-ден 6 бөлмеге дейін пәтерлер салынады.

        8-12 қабаттан тұратын кешенді тапсыру 2024 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. BI Development Astana құрылыс компаниясына үлескерлерден қаражат тартуға 2022 жылғы 22 қазанда № 27 рұқсат берілген.

        Толық ақпаратты 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе bi.group сайтынан біле аласыздар.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.