Қазақстандық құрылыс компаниясы инвесторларға облигациялар бойынша төлем жасай бастады

        6 қазан 2021

        BI Group жетекші холдингі инвесторлар алдында 31 наурызда шығарылған облигациялар бойынша бірінші купонды төлеу міндеттемесін орындады.  Дивидендтердің жалпы сомасы 549 миллион теңгені құрады, осы сома 151 бағалы қағаз ұстаушылар арасында бөлінетін болады. «Мегастрой лтд» ЖШС акцияларын сатып алуда екі ірі қаланың, яғни Алматы (37,3%) және Нұр-Сұлтан (19,3%) қалаларының тұрғындары белсенділік көрсетті. Қысқа мерзімді облигациялар да Петропавл (14,6%), Өскемен (14,1%) және Шымкент (6,2%) қалаларындағы инвесторлар арасында да қызығушылық тудырды.

        Естеріңізге сала кетейік, BI Group-тың еншілес кәсіпорнының жалпы көлемі 6,1 млрд теңгені құрайтын және айналым мерзімі 12 ай болатын облигациялары дебюттік шығарылымы АХҚО алаңында өтті. Пайыздық мөлшерлеме - жылдық 18%.  Құнды қағаздарды шығару жергілікті қор нарығында маңызды оқиға болды, бұл Қазақстанның құрылыс индустриясындағы ең ірі мәмілеге айналды.

         «Бізге нарық жеке инвесторлар арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін жаңаша қарауға мүмкіндік

        берді.  Компанияның қор нарығына шығудағы табысы, ең алдымен, біздің қызметіміздің ашық және айқындылығымен, сондай-ақ жоғары қаржылық нәтижелері және динамикалық өсуімізбен байланысты. Бүгінде BI Group еліміздегі құрылыс компанияларының арасындағы шоғырландырылған қаржылық есептілігі ХҚЕС қағидаттарына сәйкес құрылған жалғыз компания.  Осы ретте аудитті үлкен төрттіктегі KPMG компаниясы жүргізеді.  «Мегастрой лтд» ЖШС облигацияларын шығару басқа қаржылық емес ұйымдар үшін жақсы үлгі болып табылады»,- деді BI Group Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Алмас Лепесбаев.

        2021 жылы шілдеде Холдинг  AIX-те көлемі 6,3 млрд теңге болатын бағалы қағаздарды орналастыру арқылы өзінің жетістігін қайталады. Екі жағдайда да компания жеке инвесторлардың рекордтық санын тарта алды, бұл халықтың BI Group құрылыс тобына жоғары сенім білдіретінін көрсетеді. Қор нарығына шығу сұраныстың ұсыныстан едәуір асып түсуімен қатар жүріп отыр.

        «Мегастрой лтд» ЖШС іскерлік орталықтардың, сауда ойын-сауық кешендерінің, тұрғын үйлердің, мәдени-әлеуметтік нысандардың құрылысымен айналысатынын айта кету керек. Компанияның негізгі акционері - «BI-Development» ЖШС, оған компанияның 99% акциясы тиесілі.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.