Қартайған шақтың да өз қызығы бар
Well House тұрғын үй кешенінде үлкен мереке! Мұнда қарияларға арналған сауық орталығы ашылды, айта кетейік, бұл осымен компания объектілеріндегі алтыншы орталық.
Ең алғаш зейнеткерлер орталығы «Қайнар» тұрғын үй кешенінде 2012 жылы есігін ашты. Зейнеткерлерді құттықтауға «Есіл» ауданы әкімі Ермағанбет Булекпаев, Астана қ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есилов және басқа да қонақтар келді.
Well House тұрғын үй кешенінде тұратын 80 зейнеткер үшін бұл орталықтың ашылуы маңызды оқиға болды. Оны ашуда АстанаЖилСервис қызметкерлерінің үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн. Бөлмеге жөндеу жұмыстарын жасап, жиһаз, тіпті кілем төсеп берді.
Ал кітаптар мен үстел ойындарын аудан басшысы сыйға тартты.
- Бұл «Есіл» ауданындағы зейнеткерлерге арналған осымен жетінші орталық. Компания өз әлеуметтік жауапкершілігін танытып жатқаны бізді қуантады, -
деп атап өтті Ермағанбет Булекпаев.
Астана қ. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есилов BI Group-тың әлеуметтік жобаларға көп көңіл бөлетінін айтты. Мысалы, «20 жыл – 20 қайрымыды іс» акциясы. – Егер компания басшыларымен кездесуге мүмкіндік туса, оларға міндетті түрде алғысымды білдіремін. Олар жас болса да, елордамыз үшін көп жақсылықтар жасады.
- Жандарыңыз қартаймасын. Бұл орын сіздердің кездесіп, жандарыңызға жайлы әңгімелеріңізбен бөлісетін орын болсын, деп АЖС басшысы Рустам Айтжанов құттықтап, дәстүрлі сыйлық – шәйға арналған термоподты тарту етті.