Қазақстанның құрылыс саласы цифрландыруға кірісті
27 сәуір 2018

BI Group-тың 700-ден астам бизнес-серіктесі жыл сайын өтетін жеткізушілер мен мердігерлер форумына жиналды. Басты тақырып, құрылыстың дамуын тежейтін мәселелер, сондай-ақ құрылыс саласындағы инновациялар жайында болды.
«Сандық трансформациядағы бірлескен жол – бұл біздің болашағымыз және маңызды бәсекелестік артықшылығымыз, - деді BI Group басшысы Айдын Рахимбаев. – Әлемдегі өнеркәсіптер мен өндіріс орындары инновацияны бұрыннан енгізіп келеді, ал құрылыс бұл процестің Қазақстандағы алғашқы «драйвері» болуы әбден мүмкін. Ескі процестерді цифрландырудан бастап, біз құрылыстың өзіндік құнын, мерзімі мен шығынын қысқартатын жаңа технологияларды енгіземіз. Бұған ең алдымен түпкі тұтынушы мүдделі. Біз қазір шетелдік нарыққа шығудамыз және осы жобаларға ең алдымен қазақстандық компанияларды тартамыз, бірақ әлемде бізге қойылатын талаптар жоғары, яғни біздің серіктестерімізге де. Форум – біздің серіктес компанияларымыздың дамуына мүмкіндік беретін, шешімдерді іздестіруге арналған алаң».
«Тиімді басқару үшін біздің холдинг сегменттер бойынша бөлінген - BI Construction (қоғамдық және әлеуметтік мақсаттағы инфрақұрылым), BI Development (тұрғын үй), BI Engineering (мұнай-газ және ауыр өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы), BI Road Construction (жол құрылысы), BI Property (коммерциялық жылжымайтын мүлік). 2018 жылы біз 165 км жол төсеп, 210 мың шаршы метр әлеуметтік маңызы бар объектілерді және 946 мың шаршы метр тұрғын үй мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, сондай-ақ әлемнің 6 еліндегі жобаларды жүзеге асыру тағы бар. Мұндай форумдар жүйелі проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді».
Болат Сәдуақасов, Heating Systems өкілі:
«BI Group-пен инженерлік желілер бойынша жұмыс жасап жатқанымызға бір жылдан асып барады. Біз электрондық аукцион енгізілген кезде келдік. BI біз үшін алға жол салушы, оның жаңа технологиясын енгізіп отырамыз. Форумның идеясы маған ұнайды, кері байланыс бар, біраз проблемалар шешіледі».