BI Group келесі жылы 2000 «серіктес» қызметкерді оқытуға дайын

BI Group серіктестерінің short-парағына кіретін 160-тан астам компания өкілдері Астанада өткен алғашқы Business meeting-ке қатысты. Бұл даму перспективасы мен өзекті мәселелер талқыланатын кездесудің жаңа форматы.
Компанияның Бизнес-серіктестер кеңесі 2016 жылдың наурызынан бастап жұмысын жалғастыруда. Оның төрағасы Уәли Садырбайдың мәліметінше, басты миссия – құрылыс саласында әріптестікті тиімді дамыту. Екі жылда едәуір жетістіктерге қол жеткізген Серіктестер кеңесі – тіпті бизнес-әріптестерін BI University-де оқыта бастады.
- Келесі жылы бірге жұмыс жасайтын компанияның 2 мың қызметкерін оқыту жоспарымызда бар. Серіктестермен бірге үш форум, Жапонияға Lean-тур ұйымдастырылды. Ең бастысы – қазірдің өзінде 8 мыңнан астам адам тіркелген BI Group серіктестері үшін сыртқы портал және BI Partners мобильдік қосымшасы іске қосылды, - дейді Уәли Садырбай.
2019 жылға жоспар бойынша, енді Short-параққа кіретін серіктестер BI Group корпоративтік іс-шараларына да қатыса алады.
Қатысушылар 3D-4D-5D жобалауға қызығушылық танытты. BI Development басқармасының төрағасы Амангельды Омаровтың айтуынша бұл технологияларды дамытуға екі жылға бөлінген бюджет 110 млн. долларды құрап отыр. Айтарлықтай үлкен сома болғанымен, пайдасы көп, құрылыс мерзімін қысқартады.