Құрылысшылар «Арнау» тұрғындарына мұз алаңын салып берді
.jpg)
Құрылысшылар «Арнау» тұрғындарына мұз алаңын салып берді
Жаңа жыл қарсаңында компаниямыздағы «ИЖС-Астана» дивизионының құрылысшылары қысқы спорт түрлерінің әуесқойларына тамаша сыйлық жасады. «Арнау-9» тұрғын үй кешенінде мұз алаңы ашылды! Бұл әмбебап алаң, жазда футбол, қыста хоккей немесе коньки тебуге болады.
Жаңа мұз алаңының алғашқы ойын пердесін ашып берген BI Group командасы хоккейшілерінің бұл қадамы бұл кешенде тұрып жатқан жас балалар үшін игі өнеге болып жатса абырой. Бүгінде, BI Group хоккей командасы Астана қаласының әуесқой хоккей лигасында компания намысын қолдан бермей келеді. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, ертең сол жас тұрғындардың арасынан, намысты қолдан жібермейтін, болашақ чемпиондардың шықпасына кім кепіл?!
Алаң барлық келушілер үшін ашық. Қыста, таза ауада ойнау – бұл тек көңілді ғана емес, сонымен қатар пайдалы!