Lake town: алғашқы таныстық

Lake town: алғашқы таныстық
Алматыдағы Сайран көлінің жағасында салынып жатқан Lake town тұрғын үй кешенінде Ашық есік күні өтті. Жаңа тұрғын үй кешені Алматы ауданында Варламов көшесінің бойында, Абай даңғылының төменгі жағында орналасқан. Кешен аумағында 2 гектар жерде тұрғын үйдің қазіргі заманғы 5 блок және екі деңгейлі жерасты паркингі салынады. Жалпы кешен, екі кезектен тұрады. Қазір бірінші кезектің 4 қабаты тұрғызылды.
Құрылыс алаңына келген болашақ тұрғындар қалыптасқан дәстүр бойынша жоба командасымен танысып, пікір алмасты сонымен қатар болашақ көршілерімен де танысты. Үйдің ерекшелігі туралы жоба менеджері Бақдәулет Қайдаров айтып берді:
– Lake town – бұл комфорт класты үй. Тұрғындар үшін маңыздысы ауладағы қауіпсіздік, сондықтан үй ауласы жабық болады және кешен аумағын тәулік бойы бейнебақылау бақылайды. Тұрғындардың жайлылығы үшін Сайран көлі жағасында алаңы жарты гектар болатын жеке саябақ қарастырылған. Онда тұрғындар таза ауада серуендеп немесе жаттыға да алады. Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру үшін жобамен Сайран жағасында полгектар алаңы бар жеке спорттық саябақ қарастырылған,онда олар үйдің жанында таза ауада жаттыға алады. Ауладағы және жағалаудағы барлық аймақтарды біз тұрғындардың жасы бойынша бөлдік: 6 жасқа дейін, 7 жастан жоғары, балалары бар аналар мен ересек тұрғындардың демалуына арналған аумақ.
Пәтерлердің төбе биіктігі 2,7 метр, коммерциялық орындарда - 4,5 метр. Биіктігі 1,7 метр терезелердің арқасында бөлмелерге жарық жақсы түседі. Үйдің маңызды артықшылықтарының бірі – «Сайран» метро станциясына жақын орналасуы. Сондай-ақ Абай даңғылы мен Төле би көшесінің негізгі көлік магистраліне оңай шығуға болады.
Үйдің дизайнерлік ерекшеліктері туралы BI Group Almaty директоры Айдос Мукатаев әңгімелеп берді:
«Холлдардың өз авторлық дизайны болады. Үйдің қасбеті сыртқы келбетімен ғана емес, сапасымен де ерекшеленеді. Неге десеңіз, желдетілетін қасбет жүйесі үйдің қабырғасын ылғалдан қорғайды, жылуды ұстайды және дыбысты өткізбейді. Үй ауласының ландшафттық дизайнына да ерекше назар аударылды».
Қазіргі уақытта шаршы метрі 360 мың теңгеден басталатын 1, 2, 3, 4 бөлмелі пәтерлер бар. Сату және ипотека орталығы Меңдіқұлов көшесі, 25 (Әл-Фараби даңғылының бұрышы) мекенжайында орналасқан.
Үлескерлердің қаражатын тартуға берілген 13.09.2019 жылғы № 100 рұқсат.
Уәкілетті компания: «Компания «Индустрия Строительства» ЖШС. Құрылыс салушы: «Сайран Строй» ЖШС.