Ауқымды Nova City жобасы аяқталды

        16 қыркүйек 2020

        Астанада жас компанияның алғашқы мега жобасы – Nova City тұрғын үй кешенінің құрылысы осымен аяқталды. Осы аптада Nova City-дің соңғы 20 және 21-ші кезектері пайдалануға берілді. Nova City жобасының арқасында бірер жыл ішінде 38 көше мен "Нұра-Есіл" арнасының жағалауы шағын ауданға айналды, жалпы саны 4 841 клиент баспаналы болған. 

        Құрылғанына небәрі төрт жыл болса да, компания елордамыздың тұрғын үй нарығында үздік үштікке енді. Бұл баға мен сапа арақатынасының жақсы үйлесім табуының және өнімді үнемі жетілдіруге ұмтылудың арқасында іске асып отыр.

        Сонымен тапсырылған тұрғын үй кезектеріне келсек, сырт көзге 16 қабатты қос ғимараттың өзгелерден айырмасы жоқ сияқты. Әйтсе де өзгешелік бар.

        - Біз баспалдақ алаңдарының әрлеуін қарапайым қылып, Loft стиліндегі күңгірт бояумен сырладық. Осының арқасында кіреберістің бастапқы қалпы ұзақ сақталады әрі құрылыс мерзімі де жылдамдай түсті. Оның үстіне дизайны да ерекше көрінеді, - дейді жоба жетекшісі Шоқан Ибраев.

        Екі кезек те бірдей, бірақ ойын алаңдары дизайн мен құрамы жағынан әртүрлі. Балаңыз жаңа нәрсені қаласа көрші аулаға барып ойнай алады. Ең кішкентай бүлдіршіндер үшін "Ана мен сәби" әткеншегі салынған. Жатып тербелуге болатын "Ұя" әткеншегі бар. Әр үйдің алдында қонақтарға арналған көлік тұрағы бар. Сонымен қатар тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жоба командасы 21 кезектен 38 көшеге дейін жол плиталарынан уақытша жол салуда. Бұл аулалардағы көлікті азайтуға көмектеседі. Бұл жұмыстар компания есебінен жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

        Жайлы өмірді дамыған инфрақұрылымсыз елестету мүмкін емес. Біле білсеңіздер, Nova City-19 жанында жалпы білім беру мектебінің құрылысы басталды. Ал 16-кезектің жанында Small гипермаркеті салынбақ. Бұл шағын ауданға осындай ірі дүкен қажет-ақ.

        16, 20, 22 кезектерде әлі де пәтерлар бар, оларға 6% дейінгі жеңілдік қарастырылған. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кепілсіз ипотекасымен де алуға болады. Бұдан бөлек компанияның салынып жатқан басқа да тұрғын үй кешендері бар. 

        Толығырақ Nova City компаниясының сату орталығынан немесе 340 телефоны арқылы біле аласыз. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.



        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.