Алматыда ерекше балаларға арналған ұлттық инклюзивті ойындар болып өтті

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы және жалғыз спорттық жарыс – «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындары өтті.
Ерекше турнирге 11 өңірден және республикалық маңызы бар 3 қаладан 10-18 жас аралығындағы 300-ден астам жас спортшылар қатысты. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы мен Орталық стадионда спорттың 6 түрінен (жеңіл атлетика, шағын футбол, үстел теннисі, голбол, бочча, бес тас және асық ату ұлттық ойындары) жарыстар өтті.
«Ерекше балаларға арналған спартакиада 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл біздің спорттық іс-шарамыздың мәртебесі айтарлықтай өсті, енді бұл Ұлттық ойындар ретінде өтетін болады! Аккредиттеу мен мәртебесін өзгерту арқылы финалистер халықаралық жарыстарға қатысып, спорттық разряд ала алады. Бұл – шынымен де, орасан зор жаңалық! Сондай-ақ ойындар Мәдениет және спорт министрлігінің «ҚР-дағы бұқаралық спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспары – 2022» енгізілді. Біздің осындай еліміздегі жалғыз жобамыз бар деп мақтанышпен айта аламыз. Инклюзивті спорттың деңгейі мен маңыздылығын арттыру үшін өз тәжірибелерімізбен қуана бөлісуге дайынбыз. Бұл болашақ Олимпиада чемпиондарынадер кезінде қолдау көрсету үшін өте маңызды», - деп атап өтті «BI-Жұлдызай» Қорының директоры Гүлхан Исабаева.
Ойындардың ашылуына паралимпиадалық спортшылар, кәсіби жауынгерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
«Елімізде осындай турнирлер өткізіліп жатқанына өте қуаныштымын. Ойындарды өткізуді қолдаған ұйымдастырушылар мен серіктестерге көп рақмет. Бұл іс-шараның ерекше балалардың қоғам өміріне жеңіл бейімделуі үшін маңызы зор. Барлық қатысушыға спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстану мен ата-аналарын ынталандырулары үшін денсаулық тілеймін», - деді биатлоншы және шаңғышы, 2022 жылы Бейжіңде өткен қысқы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлиц.
Жобаның негізгі ұйымдастырушысы әрі бастамашысы – BI Group құрылыс компаниясы. Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» қоры. Ойындарды өткізуге Sport qory Қоры, Ұлттық паралимпиада комитеті және Алматы қаласы әкімдігі, ұсынылған спорт түрлері бойынша өңірлердің әкімдіктері мен спорт федерациялары ерекше көмек көрсетті.