Nova City 19: қоныс тойын тойлаймыз

Nova City 19: қоныс тойын тойлаймыз
Өткен демалыс күндері Nova City тұрғын үй кешенінің 19-шы кезегі тапсырылды. Көптен күткен пәтер кілтіне 150 отбасы ие болды. Бұл жолы қоныс тойын тойлаушылардың бір-бірімен жақынырақ танысып, көршілеріне қонаққа баратын мүмкіндігі болған жоқ. Карантиндік шаралар салдарынан кілтті табыстау рәсіміне тек 20 адамнан ғана шақырылды. Бірақ, бұған қарамастан, олар жанұяларымен бірге келіп, осындай қуанышты сәтті жақындарымен бірге бөлісті.
Кезек 1 кіреберістен, 150 пәтерден және 6 кеңсе үй-жайдан тұрады. Жаңа 16 қабатты үйде жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған – жарық бөлме, көз тартарлық фасад, кең кіреберіс, сапалы әрлеу және терезеден ашылатын әдемі көрініс. Тұрғын үй кешеннің тағы бір артықшылығы - оның орналасқан жері. Ол ЭКСПО ауданында орналасқан. Тұрғын үйді салу кезінде заманауи технологиялар қолданылып, жоғары сапалы материалдар пайдаланылғандығын да атап өткен жөн. Басқа кезектерге қарағанда бұл кезектегі фасадтың төменгі бөлігіне гранит орнына клинкерлік кірпіш қолданылған.
– Nova City астанамыздың үлкен шағын ауданына айналды. Біздің жұмыста әрбір ұсақ-түйек қарастырылып, құрылысшылар әбден шыңдалғанбыз. Сондықтан, орындалған жұмыстың сапасы жоғары деп сеніммен айта аламын. Ең бастысы клиенттер дән риза және ешқандай шағым жоқ. Жұмыс барысында елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қиындықтар туындап, әсіресе құрылыс материалдарын жеткізу қиынға соқты. Бірақ біз барлық күш-жігерімізді салып, аталмыш кезекті уақытында тапсырдық, - дейді жоба жетекшісі Шохан Ибраев.
Компания әлемде орын алып жатқан жағдайға қарамастан, өз нысандарын белгіленген мерзімде тапсыруда. Қазіргі уақытта кешен аумағында16-шы, 21-22-ші кезектерді салу жұмыстары жүргізілуде. Олар алдағы екі айда тапсырылады деп жоспарланып отыр.