Nova City компаниясы Алматы нарығына шығады

Алматы Nova City құрылыс компаниясының қазақстандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ететін екінші өңір болады.
Оңтүстік мегаполис – Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бойынша болашағы зор нарықтардың бірі. Мұнда өткен жылдың өзінде маркетингтік зерттеулердің нәтижелері бойынша, сұраныс 13 мың пәтерді құрады, оның 40 пайызы стандартты және комфорт класты тұрғын үйлер. Сондықтан да Нұрсұлтан қаласындағы стандарт сегментіндегі көшбасшы - Novа City компаниясы өзінің құрылыс салу аймағын оңтүстік астанадан бастап кеңейтуге шешім қабылдады. Бастапқы жоба Gúlder тұрғын үй кешенінің 4-кезегінің құрылысы болады.
Nova City Development – BI Group-тың 2016 жылы құрылған 100% еншілес компаниясы. Бүгінгі таңда компания елордада 23 тұрғын үй салып пайдалануға берді, олардың ішінде 3900 отбасы тұратын Nova City, Sezim Qala, Sunrise тұрғын үй кешендері бар.
Компания BI Group-тың жоғары сапа стандарттарын ұстанғанымен, өз брендімен жұмыс істейді әрі өзінің тұрақты клиенттер пулы бар. Алматы нарығында стандарт және комфорт класты тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.
«Біздің қызметіміз Қазақстан азаматтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Біз өз клиенттеріміздің қажеттіліктерін үнемі қадағалап отырамыз. Бізге Алматы қаласы тұрғындары бірнеше рет арзан тұрғын үй құрылысын салу туралы өтініш айтты. Біз құрылыс жұмыстарымызда негізгі компаниямыз BI Group холдингі сияқты қолжетімді бағамен жоғары сапалы өнім ұсынатын стандарттар мен тәсілдерді ұстанатындығымызды атап өту маңызды. Нарықтағы 4 жыл ішінде біз осы салада құнды тәжірибе жинақтадық. Біздің Nova City-дің үздік басшылары, инженерлері мен мамандарынан құралған командалар астанадан Алматыдағы Gúlder тұрғын үй кешенінің төртінші кезегінің құрылысына жіберіледі. Біз дебюттік жобамызды сапалы әрі қызмет көрсету талаптарын сақтай отырып, уақытында тапсыратынымызға сенімдіміз. Біз Алматыдағы тұрғын үй нарығында өз сегментіміздегі жетекші орындардан көрінуге ниеттіміз», - деді Nova City Development компаниясының бас директоры Руслан Мергалимов.
Компания өз қызметінде сапа, қауіпсіздік, жайлылық пен эстетика сияқты тұрғын үйге қойылатын негізгі талаптарды басшылыққа алады.
12-16 қабаттан тұратын Gúlder тұрғын үй кешені Алматы қаласының Наурызбай ауданында, Aport сауда ойын-сауық орталығының жанында орналасатын болады. Кешен ландшафты дизайнымен және сыртқы бетінің әдемілігімен ерекшеленеді. Компанияның басқа жобалары сияқты автокөліксіз қауіпсіз аула, жоғары технологиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықтау қарастырылған. Жаңа тұрғын үй кешені 300-ге жуық отбасының көптен күткен тұрғын үй мәселесін шешетін болады.
Сатып алушылар Gúlder тұрғын үй кешенінің төртінші кезегінен пәтер сатып алу үшін Отбасы банкінің, Сбербанктің «Арнайы ипотека», Altyn Bank-тің «Алтын Арман», БанкЦентрКредиттің «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша ипотека ресімдеулеріне болады. Пәтерлерді брондау 30 қаңтарда басталады деп күтілуде. Компания мен оның жобалары туралы толық ақпаратты nova-city.kz сайтынан және Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі (@novacitykz) парақшалардан, сондай-ақ 340 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.