Елордада жеке саябағы бар тұрғын үй кешені тапсырылды

        22 ақпан 2022

        Демалыс күндері ауқымды Nova City кварталының жалғасы болып табылатын Nova City Южный жобасының аяқталған бірінші және төртінші кезеңді блоктары таныстырылды.

        Тұрғын үй кешені 38-ші көшенің бойында орналасқан – бұл көше көпір құрылысы аяқталғаннан кейін Тәуелсіздік даңғылының жалғасы болады. Тұрғын үй кешеніне жақын маңайда BINOM тегін инновациялық мектебі орналасқан. Сондай-ақ Nova City Южный тұрғын үй кешені маңынан Нұра-Есіл каналы ағып жатыр. Әрі канал маңында абаттандыру жұмыстары биыл басталып, спорт алаңдары мен орындықтар орнатылады.

        Нысанның құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Жоба 9 және 16 қабатты блоктардан тұрады. Алғашқы төрт блокты салу кезінде каркас ретінде кірпіш, фасад үшін - австриялық өндірістің клинкер кірпіштері мен талшықты цемент панельдері сондай-ақ фасадтың желдетілуі үшін алюминий панельдері пайдаланылды.

        «Тұрғын үй кешенінің басты ерекшелігі – бірегей ландшафты дизайны бар аула-саябақ. Қарапайым кішігірім архитектуралық пішіндерден басқа, біз тұтынушыларымызға жеке бақша беруді жөн көрдік. Аулаға үлкен қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызылады. Көгалдандыру ерекше жағдайды қажет ететіндіктен, осы жаздың соңына дейін ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтаймыз», - дейді жобаны әзірлеу жөніндегі менеджер Ернұр Қонахбаев.

        Бірінші және төртінші кезеңде 224 пәтер берілді. Қазіргі уақытта екінші кезең әлі де салынуда, сіз осы кезеңнен пәтер сатып алу арқылы BI тұрғындар қауымдастығының бір бөлігі бола аласыз. Сатып алу туралы BI Group сату бөлімдеріне барып немесе 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы толық ақпарат ала аласыз

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.