BI Group тұрғындарының ағаш отырғызудағы жаңа маусымы

Елордада көгалдандыру
бойынша ауқымды BI Green жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Биыл күзде
Шымкенттегі Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінің тұрғындары отбасылық
ағаштарын отырғызуға мүмкіндік алды, енді эстафета Нұр-Сұлтан қаласына берілді.
Экологиялық қозғалыс аясында BI Service қолдауымен астаналық кешендердің
тұрғындары 1000 ағаш отырғызу арқылы қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға
үлес қоса алады.
BI Group компаниясының дендрологы Нияз Шайзадаев:
«Бүгін біздің ағаш отырғызу науқаны «Авеню 5» және Park
Avenue Exclusive тұрғын үй кешендерінде өтті. Бұл аумақтарды көгалдандыру үшін
суыққа төзімді және жыл бойы түсін бермейтін қарағай көшеттерін таңдадық. Біз дәл
осындай қарқынды ұстай отырып, қарашаның ортасына, яғни маусым соңына дейін
қаламызды көгалдандыруды жалғастырамыз».
Park Avenue Exclusive тұрғын үй кешенінің тұрғыны
Салтанат:
«Біз компанияның қоршаған ортаға қамқорлық танытқанына
және ең бастысы, осы шараға қатысуға және жеке ағашымызды отырғызуға мүмкіндік
бергеніне өте қуаныштымыз».
Сондай-ақ елордадағы
Триатлон саябағында да көгалдандыру науқаны өтті, онда BI Group қызметкерлері
мен ерікті триатлоншылар ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.
BI Green акциясы 2020
жылы BI Group холдингінің 25 жылдығына орай басталып, жыл сайын өтетін дәстүрлі
шараға айналды. Жоба басталғаннан бері екі қалада 3000-нан астам ағаш пен 1000-нан
астам бұта отырғызылды. Компания қызметкерлері мен тұрғындар өмір сүруге қолайлы
жағдай жасай отырып, аталмыш іс-шараның әрі қарай дамуына барынша қолдау
көрсетіп келеді.