Алматыда алғашқы бигвилль пайда болады

        19 қараша 2022

        BI Group құрылыс компаниясының алматылық алғашқы Arena Park бигвиліндегі пәтерлерін өткен демалыс күндері брондау басталды. 

        Бигвилль - оңтүстік астана үшін мүлдем жаңа, бірақ болашағы бар бағыт. Бұл – тұрғын үй кешендерімен қатар жайлы өмір сүру үшін медициналық, білім беру, спорт мекемелері, сауда алаңдары мен саябақтар, ыңғайлы кіреберіс жолдары сияқты барлық инфрақұрылымы бар «қала ішіндегі қала».

        Arena Park жобасы Алатау ауданындағы Б.Момышұлы, Мөңке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылы алаңында орналасқан. Квартал қарқынды дамып келеді және жаңа ірі орталыққа айналу мүмкіндігі бар.

        Қала әкімдігі zakon.kz ақпараттық порталының мәліметтеріне сәйкес Алматыны 2030 жылға дейін «Солтүстік», «Батыс»,» Шығыс қақпалары», «Оңтүстік-Батыс» және «Тарихи орталық» секілді бес тәуелсіз полиорталыққа бөлу туралы шешім қабылдаған. Arena Park бигвилі «Батыс» полиорталығының құрамына кіреді.

        «Бұл жерде «Сақ қорғаны» этнографиялық саябағының айналасындағы инфрақұрылым; ауданы 90 га болатын желілік демалыс саябағы; жаңадан салынатын тұрғын үй кварталдары... пайда болады. Билік  Almaty Arena мұз айдыны алаңының инфрақұрылымын дамытуды жоспарлап отыр. Көп бейінді жаңа аурухана кешені, үстел теннисі орталығы (Момышұлы көшесінің батысына таман 32 үстел манежі), 14 кортқа арналған теннис орталығы, қосымша спорт залдары мен ойын алаңдары салынбақ. Алдағы уақытта шағынауданда 16 балабақша, 10 мектеп, өрт сөндіру бекеті пайда болады», - деп жазады портал.

        Бигвилльдің таныстырылымы BI Group компаниясының Алматыдағы екінші сату бөлімінің ресми ашылуымен қатар өтті. Ол Arena Park кешенінің төменгі жағындағы Ғажайып ш.а., 5/13 мекенжайында  орналасқан.

        Компанияның жаңа сату бөлімінің ашылу салтанаты мен жаңа бигвилльдің таныстырылымына 400-ден астам адам келді.

        «Бүгін бигвилль сатылымы басталды және біз бірден бір бөлмелі пәтер сатып алдық. BI Group, сізге көп рақмет,! Өте қуаныштымыз әрі бақыттымыз!» - деп, алғашқы клиенттеріміз ой бөлісті.  

        Arena Park бигвилінің бірінші кезегі 2024 жылдың екінші тоқсанында тапсырылады деп күтіледі.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.