BI Group 17 млрд теңге облигациялық қарызын сәтті өтеп шықты

        30 қараша 2022

        Қазақстандық құрылыс компаниясы облигациялардың соңғы шығарылымы бойынша негізгі қарызын өтейтінін хабарлаған еді. Купондық мөлшерлеме жылдық 15% құрады. Компания 3,9 млрд. теңге сыйақыны төлеп, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемесін уақытында орындады.

        Құрылыс холдингінің құрамына кіретін «Мегастрой ЛТД» ЖШС, АХҚО биржасындағы облигациялық бағдарлама аясында Astana International Exchange-ге бағалы қағаздарды үш рет шығарғанын атап өтейік. Алғаш рет – 2021 жылғы наурызда жылдық 18% купондық сыйақымен жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге шығарды. Екінші рет шілдеде 15,5% мөлшерлемемен 6,6 млрд теңгеге және үшінші траншты қарашада шығарды. Барлық бағалы қағаздар 12 айға шығарылып, белгіленген мерзімде өтелді. Осылайша компания 17 млрд теңгеге жуық сомаға облигациялар бойынша міндеттемелерін жапты. Жиналған қаражат бизнесті одан әрі кеңейтуге жұмсалды. 

        «Біздің барлық мәселеміз бөлшек сауда инвесторлардың жоғары сұранысымен қатар жүрді. Біз өз міндеттемелерімізді толық жауып, олардың сенімін толығымен ақтадық деп нық сеніммен айта аламын. Компания бизнеске қатысты жақсы нәтижелерге қол жеткізді, атап айтқанда, құрылыс нарығындағы өз орнын нығайтты, тауар айналымын арттырып, жобалар қатарын кеңейтті. Бізге сенген барлық инвесторға алғыс айта отырып, болашақта қор биржасына қайта кіру мүмкіндігін жоққа шығармаймыз», - деді BI Development компаниясының қаржы және экономика жөніндегі директоры Руслан Ембергенов.

        «Мегастрой ЛТД» – қазақстандық құрылыс саласындағы қаржы нарығының жария құралдарын қолданған алғашқы ұйым. «Үлкен төрттік» – KPMG компаниясы аудит жүргізетін  BI Group холдингі кепілгер болып табылады.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.