BI Group компаниясының Taugul ТҮК құрылысына қатысты ресми ұстанымы

Сүлейменов пен Пятницкий
көшелерінің қиылысындағы, Таугүл шағын
ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылысы Алматының 2021-2025
жылдарға арналған ескі тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы шеңберінде Алматы
қаласы әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Тұрғын үй кешенін жобалау барлық нормативтік талаптарды ескере отырып
жүзеге асырылды. Қызыл сызықтардан қажетті шегініс ескерілген, көрші үйлерге
күн сәулесінің кедергісіз кіруі үшін тұрғын үйлер арасындағы қашықтық
қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, табиғи аэрация жүйесінің талаптары
сақталған.
Сондай-ақ, бұл жобада15.09.2021 жылғы № 02-0155/21 мемлекеттік сараптаманың
оң қорытындысы мен 15.10.2021 жылғы құрылысқа рұқсат бар.
Компанияның күшімен аудан қажеттілігін қамтамасыз ететін Сүлейменов
көшесінің бойындағы сыртқы инженерлік желілер жобаланды. Келесі жылы әкімдік жаңа
желілер салуды жүзеге асыруды жоспарлауда, сондай-ақ №72 мектепті қайта жаңарту
көзделіп отыр.
Толық ақпарат алу үшін сату бөліміне немесе 360 нөміріне хабарласуларыңызды
сұраймыз.
Құрметпен, BI Group
Анықтама:
Алматы қаласы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, осы жылдың ақпан айында
2021-2025 жылдары ескі үйлерді бұзуды және ауыстыруды қарастыратын тұрғын үй
қорын жаңарту бағдарламасы бекітілді. Оңтүстік астанада 1930-1975 жылдар
аралығында салынған 1427 ескі екі қабатты үй бар. Оның ішінде бюджет есебінен –
250, жеке инвестициялар есебінен – 458 үй. 280 нысан бойынша жұмыстар
жүргізілуде.
Ескі үйлердің негізгі маңызды проблемалары: сейсмикалық және өрт
қауіптілігі, сондай-ақ инженерлік коммуникациялардың болмауы.