Қазақстанда онлайн ипотека қарқын алуда

        13 желтоқсан 2021

        Қазақстандықтарға 2020 жылы «онлайн» режимде кеңес беріле бастады, ал биыл олар үйден шықпай-ақ тұрғын үйді рәсімдей алады. Бұл үдерісті дамытудың жаңа кезеңі – цифрлы ипотека. Енді сіз бір жұмыс күні ішінде пәтер сатып алуға мақұлдау, төлем және оның құжаттарын ала аласыз.

        BI Group инновациялық құрылыс холдингі мен Freedom Finance Bank және Sberbank серіктес банктерінің цифрлық экожүйеге бағытталған баспасөз мәслихатында клиенттерге уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін IT-өнімдер таныстырылды. 

         «Жылжымайтын мүлікті салу мен сатудағы өзінің 26 жылдық тәжірибесі бар BI Group бүгінде клиентке бағытталған компанияға айналды. Бұған пәтерлерді сатып алу процесін жеңілдететін қаржы өнімдерін іске қосу және біздің үйлерде жайлы өмірді қамтамасыз ететін тәулік бойы қызмет көрсету арқылы қол жеткізілді. Пандемия бізге кибер ортада қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын көрсетті. Холдингте онлайн форматта тұрғын үй сатып алу үдерісі табысты дамып келеді. Ғаламторға қолжетімділік болса, әрбір адам әлемнің кез келген нүктесінен ипотекаға жылжымайтын мүлік сатып ала алады. Бұл біздің еліміз үшін үлкен серпіліс және біз жобаның мемлекеттік деңгейде іске асырылу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Бұл тұтынушылар үшін де, құрылыс салушылар үшін де жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. Біз оларды цифрлық ортада қарсы алуға қуаныштымыз» – деді BI Development бас директоры Амангелді Омаров. Ол сондай-ақ компания осыған ұқсас көптеген жобаларды жүргізіп жатқандығын атап өтті. Бұл BI Group-тың еліміздегі цифрландыруды дамытуға қосқан үлесі болмақ.

        Пәтерді ипотекаға Freedom Finance Bank, Sberbank және Altyn Bank көмегімен онлайн сатып алуға болады. Сіз bi.group сайтында өзіңізге ұнайтын тұрғын үй кешені мен пәтер жоспарлауын таңдай аласыз. Содан кейін ипотеканы есептеуіш құралдың көмегімен ай сайынғы төлемді алдын ала біліп, сауалнаманы толтырасыз. Өтінімді қарауға және банктің шешімін алуға 5 минуттан аз уақыт кетеді.

         «Freedom Finance Bank-тің цифрлы ипотекасы – Қазақстан нарығы үшін ғана емес, жалпы осы сала үшін бірегей өнім. Енді оны BI Group-тан бастапқы тұрғын үйді онлайн сатып алу үшін де пайдалануға болады. Ипотекалық несиені рәсімдеу үшін екі жолақты толтыру жеткілікті. Өтінімді қарау және алдын ала мақұлдау бірнеше минутты алады. Біз клиенттің банк бөлімшесіне келуін қажет етпейтін онлайн жүйені ұсына алатынымызға қуаныштымыз. BI Group-пен бірлесу – біздің цифрлық платформамызды дамытудағы қисынды, әрі қажетті қадам»,- деді Freedom Finance Bank-тың банк өнімдерін әзірлеу департаментінің директоры Дюсенов Қанат.

        Цифрлы ипотеканың артықшылығы – қолжетімділік. Біздің клиенттеріміз бастапқы жарнасы 10%-дан бастап, 0,1%-дан 12,5%-ға дейінгі жылдық мөлшерлемемен пәтер сатып ала алады. Ал бұл, өз кезегінде нарықтық мөлшерлемеден айтарлықтай төмен.

         «Цифрландыру аясында BI Group-пен бірлескен алғашқы онлайн ипотекалық өнім – «Ерекше ипотека» бағдарламасы болды. Клиент үшін нарықта қиындықсыз жылжымайтын мүлік тауып, оны рәсімдеуді тез, әрі оңай ете алдық. Екі жыл бұрын онлайн режимде ипотекалық несие алу мүмкін емес сияқты көрінді. Бірақ бірлескен күш-жігер мен жаңа құралдарды қолданудың арқасында цифрлы ипотека бүгінгі күні шындыққа айналып отыр. Банк мұнымен тоқтап қалмайды және цифрлық бағытта қозғалуды жалғастырады. Ипотеканың қолжетімділігін арттыру мен барынша жылдам қызмет көрсету бойынша 2022 жылға үлкен жоспарлар бар» – деп атап өтті Sberbank-тың басқарушы директоры Магомед Гулаев.

        Ипотекалық несие – жылжымайтын мүлікті сатып алудың ең сұранысқа ие тәсілдерінің бірі. Бүгінгі таңда 400-ден астам адам онлайн ипотеканы ресімдеуге өтінім берген. 

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.