Ораза қарсаңында қарияларға арналған тағы бір орталық ашылды

        18 мамыр 2018

        «Арман қала» тұрғын үй кешенінде тұратын қариялар үшін бұл көптен бір күтіп жүрген арманы еді. Міне бүгін сәті болып, жаңа орталық жұмысын бастады. Тіпті олар өздерінің төрағаларын сайлап, жұмысқа кірісіп те үлгерді.
        Келген қонақтардың арасында, бірі осы кешендегі балалардың тәрбиесін, енді бірі мерекелік іс-шараларды өз қолыма алам деп жатты. Иә, мұның бәрі болады, өйткені бұл біздің тұрғын үй кешендердегі АЖС қолдауымен ашылып отырған бірінші орталық емес!

        Бүгін де бұл орталықтар бір-бірімен қарым-қатынастарын одан әрі жақсартуда.

        Шағын орталықтың ашылуында Есіл ауданының ардагерлер одағының төрағасы Ырысты Тұрғынбаевна, барша зейнеткерлерді құттықтап, осы орталықта болатын іс-шараларға белсене араласуын сұрады.

        «Нағыз өмір алпыс жастан кейін басталады» деп бір апамыз айтпақшы, қарттық шақтың да өз қызықты шақтары бар. Ендігі уақыттан бастап, бұл шағын орталықта қариялар өздерінің бос уақыттарын өткізіп, кітап-журнал оқып, шахмат пен дойбы ойнап немесе шәй ішіп, әңгімелесуіне болады.

        - Енді бұл орталыққа басқа да үйлерден қариялар келетін болады. Сіздерге әрдайым көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін, - деп АЖС директоры Рустам Айтжанов зейнеткерлерді құттықтап, шағын сыйлықтарын табыстады.

        Барлықтарыңызға, келген Рамазан айы қабыл болсын! Сауапты істеріміз көп болғай!

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.