«ОРЫНБОРЛЫҚТАР» ҮШІН ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ

Құрылысшылар көпқабатты тұрғын үйді уақытынан бұрын тапсыруды жоспарлап отыр
Елордамыздың жаңа ауданындағы бұл тұрғын үй кешеннің заманауи стилі бірден көз тартады. Ал кешеннің ЭКСПО-ға жақын орналасуы оның инфрақұрылымын одан әрі дамыта түседі.
Осыдан бірер күн бұрын объектіде ашық есік күні өткен болатын. Өз үйлерін көруге келген болашақ тұрғындар, жоба командасына сұрақтарын қойып, жауап алды.
- Біз объектіні мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отырмыз. Бұны жұмысты тиімді ұйымдастыру және кейбір құрылыс жұмыстарын қатарлас жүргізу есебінен іске асырамыз. Әрине, бұл жоба командасына тікелей байланысты», - дейді жоба жетекшісі Айдан Нарымбаев.
Әлия Касыбекова, болашақ пәтер иесі:
- Біз BI Group-тан үлкен төрт бөлмелі пәтер іздедік, тіпті басқа құрылыс салушыдан іздемедік-те. Оның үстіне, бұл компаниядан алып отырған бірінші пәтеріміз емес. Пәтерімнің кіреберісі тар бола ма деп уайымдадым, бірақ кең екеніне көзім жетті.
- Бізге бұл жер ұнайды әрі үйіміздің витражды терезесі болғанын қаладық, сондықтан таңдауымыз Орынбол тауерске түсті, - деп ойымен бөлісті тағы бір болашақ тұрғын Ғалия Бердалиева.
Олай болса, қоныстойда кездескенше!