BI Group-тың Iconic ТК құрылысы жөнінде ресми хабарламасы

Ақбұлақ-3 шағын ауданы тұрғындарының өтінішіне қатысты.
Iconic тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында заңнама
нормаларының бұзылуы жоқ екендігі туралы куәландырамыз. Құрылыс салушыда барлық
қажетті құжаттама бар: мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы,
құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы МСҚБ хабарламасы, сондай-ақ
әкімдіктен үлескерлердің қаражатын тартуға берілген рұқсат.
Сыртқы желілерге қатысты. Айта кетейік, қазір жұмыстар
жүргізілуде, коммуникацияларға түсетін жүктеме көрші үйлердің тіршілігіне әсер
етпейді. Атап айтқанда, қала тарапынан ТС46-дан «Газовик» ҮЖИК-ке дейін жылумен
жабдықтаудың жаңа трассасы жүргізілді. Одан бөлек, «АстанаСуАрнасы» ТШ сәйкес,
жақын арада Кувейт мемлекетінің елшілігі тарапынан желілерден су құбыры
сақиналанатын болады. Өз кезегінде, бұл Ақбұлақ-3 шағын ауданында сумен
жабдықтау мәселелерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ElordaEcoSystem
талабы бойынша кәріз жүйелерінің бітелуіне жол бермейтін нөсерлі сорғы станциясындағы
сорғы ауыстырылды.
Ауданға көлік жүктемесімен байланысты мәселелер де
туындамайтынын атап өту қажет. Амман көшесінде тұрғын үй кешеніне өту үшін жаңа
жол айрығын кеңейту және құру жобасы әзірленіп, қазір ол келісу рәсімдерінен
өту сатысында. Автокөлікке арналған орындарға келетін болсақ, объект аумағында
тұрғындардың көліктеріне арналған жабық паркинг, сондай-ақ қонақтарға арналған
тұрақ қарастырылған.
Тұрғындардың Триатлон саябағының аумағында құрылыс салу
туралы алаңдаушылығы бекер. Біздің компания осы саябақты салып, елордада
рекреациялық және спорттық аймақты дамыту мақсатында, онда жыл сайын
абаттандыру және қосымша көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, өткен жылы
біз аумақта арқан саябағын құрдық. Сондай-ақ, 2021 жылы біздің холдингтің
күшімен Триатлон саябағына 2370 ағаш отырғызылды. Бұл BI Group-тың корпоративтік
әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске асырған сүйікті жобаларының бірі.
Осылайша, жаңа
кешеннің құрылысы елорда мен оның тұрғындарына қолайсыздық туғызбайды.
Біз тұрғындармен
диалог құруға қашанда ашықпыз. Сындарлы ынтымақтастық үшін алғысымызды
білдіреміз!
Құрметпен,
BI Group холдингі