Өз үйіңнің сәулетшісі бол

        6 наурыз 2018

        Өз үйіңнің сәулетшісі бол
        Бастапқыда «Созвездие» тұрғын үй кешенін бөлмеаралық қабырғасыз сату жоспарланған еді. Алайда, бұл біз жоспарлағандай болмады.
        Ашық есік күндері көптеген клиенттер пәтерлеріне өзгерістер енгізуін сұрайды. Мәселен, бөлме мен асүй аралықтарын (перегородка) алып тастау, дәліз көлемін кішірейту немесе пәтерге қабырғалар қою т.б.
        Жоба жетекшісі Қайрат Қуанышпаев осыған орай жақсы ұсыныс тастады. Яғни, адамдар өз бөлмелерін өздері үлкейтіп немесе кішірейте алуы үшін, бөлмеаралық қабырғаларды мүлдем орнатпау. Пәтер иелерінің қабырғаларды бұзып, артық қаражат жұмсамауы үшін.
        Алайда, бұған клиенттер дайын болмады.
        - Бөлмеаралық қабырғаларды біз қайта орнаттық, бірақ ең қызығы, кейбір пәтер иелері оларды алып тастауда, - дейді жоба жетекшісі.
        12 және 16 қабатты үй бір жылда тұрғызылды. Үй пайдалануға берілді, демек клиенттер үйді ипотека арқылы сатып ала алады. Бір өкініштісі, қалған 20 пәтер қазірдің өзінде броньдалып қойған, сондықтан қарқынды дамып келе жатқан аудандағы бұл үйден адамдардың бас тартуы да екіталай.
        Үй одан әрі көрікті болуы үшін, құрылысшылар үй фасадына «көбелектің» бейнесін қойған. Кешеннің интерьері де ерекше. Люстра жұлдыздар сияқты, тіпті «Үлкен аю» шоқжұлдызын кездестіруге болады. Үйдің «Созвездие» деп аталуы да сондықтан.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.