BI Group командасы қонақтарды қарсы алды

        1 маусым 2020

        Өткен демалыс күні елорданың жетекші құрылыс компаниясы BI Group-тің Panorama Park 5 тұрғын үй кешінінде ашық есік күні өтті.

        Бақытты үй иелері құрылыс барысымен танысу үшін осы сәтті асыға күткен. Сондықтан іс-шараға көп адам жиналды. Барлық келушілер қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес қорғаныс құралдары – каска және кеудешелермен, сондай-ақ карантин жағдайында қажетті бетперде және қолғаппен қамтамасыз етілді. Жоба командасы жиналғандарға жоба мен құрылыс барысы туралы айтып, болашақ тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның атмосферасына шырайлы ауа райы да ықпал етті.

        Тұрғын үй кешенінің артықшылықтары мен айырмашылықтары туралы учаске бастығы Асқар Серғазин айтып берді:

        - Кешеннің ең басты артықшылығы – орналасқан жері. Ол Есіл ауданының Ұлы Дала даңғылында салынып жатыр. Жанында ботаникалық бақ, ЭКСПО бар. Тағы бір ерекшелігі –соңғы екі: 8 және 9 қабатта тек бір пәтерден. Ал мұндай баспана бағасы жоғары емес.

        700 орынға арналған  жер асты паркингі тұрғындарға өз көлігі туралы алаңдамауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ қонақтарға да арнайы паркинг бар. 5 кіреберістен тұратын кешен құрылысының технологиясы – монолитті-қаңқалы. Қабырғалары-газоблоктан болса, фасады Германияда жасалған креатон-материалмен қапталған.

        Тұрғын  үй атауы айтып тұрғандай, пәтерлерге үлкейтілген терезелер орнатылып, жылу оқшаулағыш қойылады. Бұл баспана ішінің жарық болуына септігін тигізеді. Ал қыстың суық күндерінде үй ішінің жарық болуы адамға зор қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сондай-ақ, біз Panorama Park тұрғын үй кешенін жобалау кезінде клиенттерімізге жоспарлауды өзгерту мүмкіндігін беруді шештік.

        Мұнда барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған – жарықтандыру, қауіпсіздік, көгалдандыру. Балалар алаңшалары паркинг үстінде орналасқан. Аула ішіне автокөліктердің кіруіне тиым салынған. Сондықтан ата-аналар өз бүлдіршіндерінің қауіпсіздігіне еш алаңдамаса болады.

        Жаңа пәтер иелері де өз пікірлерімен бөлісті.

        Бейсембеков Ахметжан:  Бұл біздің BI Group-тан сатып алып жатқан үшінші пәтеріміз. Сондықтан біз өз таңдауымызды қайта BI-ға жасадық. Өйткені компанияға толық сенеміз және мерзімінде тапсырамыз деп күтеміз. Біздің бұл таңдауымызға кешеннің орналасқан ауданы, жабық ауласы мен жасыл желектің молдығы әсер етті.

        Мұхаметжанова Дина: Өткен жылы осы пәтерді сатып алуға шешім қабылдадық. Біздің таңдауымызға әсер еткен негізгі фактор тамаша уақыт өткізуге мүмкіндік беретін ботаникалық бақ деп айтуға болады. Сонымен қатар, MEGA мен кештетіп серуендеуге болатын тамаша орындар бар. Таңдау жасамас бұрын, біз Panorama Park-тің алғашқы кезегіне барып көрдік. Бізге барлығы өте қатты ұнады. Міне, бүгін біз пәтерімізді алғаш рет көріп, риза болып отырмыз. 


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.