Елордада бақшасы бар... тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

BI Group компаниясы Panorama Park жобасын аяқтады. Сатып алушылар соңғы кезектегі үйден 27 ақпанда пәтерлерінің символдық кілтін алды. Символдық деуімізге себеп – компания сыртқы есіктерге саусақ ізі немесе пин-кодтар арқылы ашылатын электрондық құлып салған. Жаңа кешеннің айтқымыз келетін жаңалығы бұл ғана емес.
Ауқымды жоба 2017 жылы басталған болатын. 4 жылда 5 кезек салынды. 901 отбасы өз шаңырақтарына ие болды. Тұрғын үй елорданың сол жағалауының орталығындағы Ботаникалық бақтың, «Астана Балет», Хореография академиясының, No84 мектеп-лицейдің және басқа да білім беру және спорт нысандарының жанында орналасқан. Құрылыс жұмыстары бір орында тұрып қалмай, ілгері жылжып жатыр. Құрылысшылар әрбір жаңа кезек сайын түрлі өзгеріс енгізіп отырды. Соңғы, үшінші кезекте, BI Group-тың барлық жаңа стандарты қамтылған.
Мысалы, Acoustic Pro жүйесі. Қазақстандық құрылысшыларға Оңтүстік Кореядағы құрылыс салушы компаниялардың алғашқы үштігіне кіретін, өзінің акустикалық зертханасы бар Daewoo Engineering & Construstion компаниясындағы әріптестері көмектесті.
Балаларды құлап қалудан қорғайтын терезелерде орнатылған қондырғы жаңа стандартқа тағы бір мысал бола алады. Бұрын оның орнына сымарқандар болған, бірақ олар көпшіліктің көңілінен шыға бермейтін.
Ересек адамдардың, әсіресе, қарт кісілердің қауіпсіздігі үшін кіреберістерде таймайтын керамикалық гранит қойылған.
Көлік тұрағының төбесіне үлкен ағаштар отырғызу оңай емес. Компанияның дендрологтары бұл мәселені де шешті. Аулада биіктігі жеті метр қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Сәуір-мамыр айларында үйдің айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қатты аяз бен жаңбыр үйде отыруға себеп бола алмайды. Компанияның жаңа үйлерінде Panorama Park-3 тұрғын үй кешеніндегідей ойын бөлмелері, жұмыс ісейтін немесе балалар бөлмелері қарастырылған. Құрылысшылар, әдетте, трансформаторлық қосалқы станциялардың қабырғаларын бояйды. Мұнда жеке кеңсенің қабырғалары кенеп ретінде қолданылған. Кішкентай тұрғындарға сүйікті мультфильмдерінің кейіпкерлері ұнайтыны, сөзсіз.
Кондиционерге қойылған торлар салқындатқыш блоктарды жасыруға және әдемі креатоннан салынған үйдің сыртқы бетінің көрінісін бұзбауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кеңсе бөлмелеріне қосымша желдеткіш орнатылды. Егер кәсіпкер мейрамхана ашқысы келсе, оған сыртқы қабырға бойымен басқа құбыр тартудың қажеті жоқ. Айтпақшы, мұндағы кеңселердің биіктігі - 5,9 метр! Келушілер үшін оп-оңай 2 қабат жасауға болады.
Лифт кабиналарының биіктігі – 2,5 метр. Жаңа стандартпен жасалған лифтіде көлемді заттарды тасымалдауға болады, ал адамдар қорқынышты (клаустрофобияны) сезінбейді.
Дәстүр бойынша қауіпсіздікке көп көңіл бөлінген. Жаңа үйлердің ауласы жабылған. Күзет пункті аулада орналасқан, бұл тәртіп бұзатындарға дер мезгілде жедел шара қолдануға мүмкіндік береді.
«Біз соңғы берілген кезекте тұрғындардың талап-тілектерін ескеруге тырыстық. Олармен үнемі кездесіп тұрдық. Мысалы, адамдар аулада баскетбол алаңының болғанын қалады. Біз осы спорт түріне арналған толыққанды ойын алаңын салдық. Бұрын берілген үйлерде футбол алаңы бар болатын. Мұнда барлығына арналған жалғыз аула болады», - дейді жоба жетекшісі Асылхан Бодиев.
Айтпақшы, Panorama Park – өзінің бақшасы бар алғашқы және әзірге жалғыз тұрғын үй кешені. Біз күзде егіннен қандай өнім алынғанын бағалау үшін осында міндетті түрде ораламыз!
Қазір пәтерлер мен кеңселердің бәрі сатылып кетті, тек қоймалар мен көлік тұрағындағы орындар қалды, алайда бізде басқа да қызықты жобалар бар. Толығырақ ақпаратты 360 нөмірінен біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.