Конституция күніне орай 158 астаналық пәтер кілтін алды.

Тұрғындар
өз пәтерлеріне BI Group компаниясының арқасында қол жеткізді. 29 тамызда Park
Avenue Exclusive тұрғын үй кешенінің екінші кезегі тапсырылды.
Үй 14 және 16 қабаттан тұрады. Тұрғын үй кешенінің
сырты KMEW панельдерімен (Жапония), HPL панельдерімен (Австрия) және табиғи
гранитпен қапталған. Бұл материалдар нарықта беріктігімен, әдемілігімен және
біздің климаттық жағдайларға төзімділігімен дәлелденген.
Интерьердің әдемі болуы сыртқы әдеміліктен
кем түспеуі керек. Вестибюль мәрмәр тастары мен керамограниттен жасалған,
әсіресе, лифтілер мен қабырғаның үйлесімді безендірілгені өте әдемі көрінеді.
Айтпақшы, лифтілердің биіктігі – 2,7 метр! Бұл жерде жабық бөлмеден қорқу деген
сезім мүлдем болмайды, жиһаз бен материалдарды тасымалдау ыңғайлы. Әр
кіреберісте диван мен екі кресло қойылған бұрыш бар. Пандемия жақын арада
басылып, адамдар бір-біріне қонаққа бара бастайды деп үміттенеміз. Әр нәрсенің
қайыры бар деген осы.
Автотұрақтан шығу жолы да тамаша
үйлестірілген. Әр кіреберістің гипстен жасалған өз атауы бар. Кіретін есіктерге
электронды құлыптар салынған, алайда өндіруші механикалық кілттерді пайдалануға
да мүмкіндік беріп отыр.
-
Бұл тұрғын үй кешенінде біз ауланы басқаша жабдықтауды ұйғардық. Егер бұрын бір
алаңқайда барлық жастағы адамдарға арналған кішігірім архитектуралық формалар,
тренажерлер, әткеншектер, күркелер болған болса, бұл жерде мектеп жасына
дейінгі балаларға ерекше назар аударылды. Барлық жабдықтар Еуропаның жетекші
өндірушілерінен әкелінген. Бұрын берілген үйлерде ересек балалар мен белсенді
өмір салтын сүйетіндерге арналған алаңдар болды, - дейді бөлімше басшысы Ерлан Дайробаев.
Сондай-ақ бұл тұрғын үй кешінінің жеке
аллеясы да болады. Ол үшінші кезекпен бірге тапсырылады.
Клиенттер екі рет болған карантинге
байланысты тапсыру мерзімдері айтарлықтай өзгеретін шығар деп қауіптенген еді,
бірақ команданың қарқынды жұмыс істеуінің нәтижесінде кешіктірілмей тапсырылып
отыр.
Талғат:
-
Пандемияның көптеген жобаларға қалай әсер еткенін ескерсек, 15 күнге
кешіктірілгені аса маңызды емес. Біз бірінші кезекте досымыздың қоныс тойында
болдық. Маған бәрі ұнады, енді біз көршіміз. Екі кезекті әдейі салыстырдық. Еш
өзгешелік көрмедік. Жалғыз ғана айтаныным - қазір автотұрақтағы нөмірлеу бағаналарда
емес, еденде екен. Менің ойымша, бұл бұрынғыдан да ыңғайлы болған сияқты.
Егер бұрын компанияның соңғы әрлеуіне
негізінен «Стандарт» және «Комфорт» кластағы үйдің тұрғындары тапсырыс берсе,
қазір «Бизнес» кластағылар да тапсырыс бере алады. Екінші кезекте тапсырылатын
үйдің көптеген тұрғыны Smart Remont
әрлеуін таңдады.
Күзде жобаға қатысқан топ осы жерге оралып,
үйдің аумағын көгалдандырады. 8 шырша, 7 қарағай және 20-ға жуық жапырақты ағаш
отырғызу жоспарланған.
Екінші кезекте тек төрт бөлмелі бір пәтер,
5 қойма және 3 автотұрақ қалды, бірақ 2021 жылдың тамызы мен желтоқсанында
берілетін үшінші және төртінші кезектегі үйлерге таңдау бар. Барлық мәліметті
сату орталықтарынан немесе 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.