Қазақстандық құрылысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде

        8 тамыз 2021

        Park Avenue Exclusive тұрғын үй кешені үшінші кезегінің болашақ тұрғындары өз пәтерлерінің электронды кілт-чиптерін алды.

        1955 жылы құрылысшылар күні бекітілді. Сол уақытта мемлекет ауыр соғыстан кейін елді қайта құруға ат салысқан адамдарға құрмет көрсетті.

        Соңғы бір жарым жылдағы барлық қиындықтарға қарамастан, құрылыс саласы салу және құрудан тұратын өзінің негізгі міндетін орындап келе жатыр. Мереке қарсаңында Park Avenue Exclusive тұрғын үй кешені үшінші кезегінің болашақ тұрғындары өз пәтерлерінің электронды кілт-чиптерін ала бастады.

        Сырты - мәңгілік классика, іші - жаңа технологиялар.

        Тұрғын үй кешені Ботаникалық саябақтың шығыс кіреберісі жағында орналасқан. Кешенге жақын жерде хореография академиясы, «Астана балет» театры, бірнеше мектептер мен сауда ойын-сауық орталығы орналасқан.  Жақсы дамыған инфрақұрылым үйдің тағы бір артықшылықтарының бірі, сондай-ақ одардың қатарына ерекше алтын түсті дыбыссыз лифттер, IP-домофония, бесік-арба қоятын бөлмелер, әлемдегі жетекші өндірушілердің бірі Buglo шығаратын балалар ойын алаңдары кіреді.  Пәтерлердегі жайлылық пен тыныштықты керамикалық кірпіштен жасалған пәтераралық қабырғалар және минералды қыш тақтайшадан жасалған еден қамтамасыз етеді. Үйде орнатылған есіктерге байланысты қызықты оқиға бар.

        «Чебоксарыдағы ресейлік зауыттың өкілдері бізді өздеріне шақырды. Біз кәсіпорын жұмысымен және шығарылатын өнімдермен таныстық. Біз осы кешеннің мәртебесіне сәйкес келетіндей етіп табиғи буаттан жасалған есіктерді таңдадық», - дейді жоба директорының орынбасары Мүсілім Бұлкекеев.

        Өзінің Аллеясы бар кешен

        Ботаникалық баққа жақын орналасқанына қарамастан, жоба тобы Park Avenue-ге ұқсатып Аллеяны бөлуге шешім қабылдады. Оның ашылуы ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Мұнда шетен, жөке, қарағай, шырша, үйеңкі және тағы да басқа ағаштар мен бұталардың түрлері отырғызылады.  Сонымен қатар футбол және ойын алаңдары, кішкене үйшіктер де болады. Қазіргі таңда кешеннің үшінші кезегінің сатылымында автотұрақтар бар және бір пәтер ғана қалды, бұл бұрынғы шоу-рум болған пәтер. Сондай-ақ осы жылдың қараша айында өткізілетін жобаның төртінші, соңғы кезегінің пәтерлері әлі сатылымда бар. Толық ақпаратты сату бөлімдерімізден және 360 нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.