BI Group-тың «Зеленый квартал» аумағындағы саябақта үй салуға қатысы жоқ
16 қазан 2020
.jpg)
Әлеуметтік желілерде «Зеленый квартал» ТК жанындағы саябақтың орнына тұрғын үй кешені салынатыны туралы талқыланып жатыр. Бастамашыл топ өздерінің үндеулері мен жарияланымдарында BI Group-ты сол аумаққа құрылыс жұмыстарын жүргізуші ретінде атап көрсетеді. Осыған байланысты BI Group холдингінің бұл мәселеге еш қатысы жоқ екендігін және саябақ аумағына үй салуды жоспарламайтындығын хабарлауды жөн деп санаймыз.