Сауалнама толтырып, іPhone иеленді

        20 желтоқсан 2021

        Боранды күні жаныңызды тек махаббат пен BI Service компаниясы ұсынған жаңа iPhone 13 жылыта алады. Ия, ұялы телефонды қосымшадағы сауалнаманы толтырып, ұтып алуға болады. NovaCity тұрғын үй кешенінің тұрғыны сауалнаманың оған жеңіс сыйлайтынын мүлдем күтпеген.

        Эльмира Ахатова, ұтыс жеңімпазы:

         «Біз Nova City тұрғын үй кешенінде екі жылдан астам уақыт тұрамыз және өз таңдауымызға дән ризамыз. Құрылыс салушыны таңдау кезінде ең алдымен сенімділік пен сапаға назар аудардық. Маған сервис қызметі мен біздің желідегі чаттарымыз өте қатты ұнайды. Онда кез келген өзгерістер мен акциялар туралы үнемі хабардар етіледі.  Сондықтан мен iPhone-ның ұтыс ойыны туралы сол жақтан білдім. Бұған дейін ешқашан байқауға қатысып көрмеппін, сол себепті күмәнім басым болды. Алайда өз бағымды сынап көруге бел будым. Сауалнаманы толтырып, одан өткенімді ұмытып та кетіппін. Бір апта бұрын үйге бара жатып, тікелей эфирге қосылдым. Онда мені жеңімпаз деп жариялады, ал өз кезігінде менің бақыттан басым айналды».

        Қалған қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Шолпан Мусирова техника сатып алуға 100 000 теңгелік сертификат жеңіп алды. Қапарова Мадина, Абдурахманова Күлзада, Қанаева Раушан, Сұлтанбаев Ербол, Құдайбергенов Жамиля 50 000 теңгелік  сертификат иегерлері атанды. Балтабаева Кенжегүл мен Талқанбаев Әмірхан 30 000 теңгелік, Есенова Күләш, Сатпаева Айнагүл және Төлебаев Архат 20 000 теңгелік, ал Мұқажанова Раушан, Жамкенов Нұржан және Қадырбекова Әлия 10 000 теңгелік сертификаттарға ие болды.

        Байқау шарттарына сәйкес, қатысушыларға 3 қарапайым шартты орындау қажет болды: BIGApp қосымшасын орнату, компанияның клиенті мәртебесін растау және шағын сауалнамадан өту үшін тіркеулік жазбасын іске қосу.

        Мұндай байқаулар үнемі ұйымдастырылып отырады және жақында BI Service 100-ден астам бейнеролик қабылданған «Бақыт – бұл...» шығармашылық сайысын қорытындылады. Тәуелсіз қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды @doctor_zhaukhar иемденіп, ол қанжығасына жаңа IPhone 12-ні байлады. Қалған қатысушылар да BI Club серіктестерінен өз жүлделерін алды.

        P. S.: Жаңа iPhone немесе компания серіктестерінен сыйлықтар алу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін әрдайым BIGApp қосымшасындағы жаңалықтардан хабардар болыңыз.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.