Казахдорстрой «Көкшетауға кіру учаскесінің» құрылысын аяқтады

«Нұр-Сұлтан – Петропавл – Көкшетау қаласына кіру учаскесі» автомобиль жолының 282-289 шақырымдары аралығындағы учаскенің жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл «Казахдорстрой» компаниясының сәтті іске асырылған кезекті жобасы. Ұзындығы 6 км-ден асатын учаскедегі жұмыстар 2019 жылдың мамыр айында басталды. Жоба бойынша ескі жол төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, 1-Б техникалық санатына ауыстырылды.
Учаскедегі жұмыстарда күн сайын екі жүзге жуық маман еңбектенді. Жұмысқа тартылғандардың көбі – жергілікті тұрғындар.
«Біз қиын далалық жағдайда, үйден және отбасымыздан алыс жерде тұруға мәжбүр болғанымызға қарамастан, жобаны сапалы орындап шығуға бар күшімізді салдық. Мысалы, былтырғы жылы жоспар бойынша, жолдың 6,5 шақырымында қиыршық тасты асфальт-бетоннан жасалған жол жабындының төменгі қабатын төседік, 10 су өткізу құбыры қайта жөнделді және 3 км қардан қорғау дуалдары орнатылды. Ал осы маусымда жұмысты мерзімінен бұрын орындап шықтық», - дейді жоба менеджері Ақжігіт Қарбаев.
«Астана-Петропавл» транзиттік дәлізі Қазақстанды ТМД елдерімен байланыстырады. Бұдан басқа, қайта жаңартылған жол учаскесі Көкшетау – Петропавл бағытындағы көлік ағынын қамтамасыз етеді. Бұл жолмен күн сайын 7100 көлік өтеді.
«Жол құрылысы еліміздің экономикасының дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан біз өз жұмысымызды мақтан тұтамыз. Жаңа асфальт жолмен келе жатқан риза жүргізушілерді көрген кезде, бойыңды қуаныш билейді, бұл шын мәнінде мақтануға тұрарлық. Біздің істеп жатқан ісіміз, ең алдымен, азаматтарымыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жолдың құрылысы қатаң тәртіпті қажет етеді, біздің команда мұны өте жақсы орындап шықты деген ойдамын!» - деді жобаның ӨТБ бастығы Мәдина Садықова.
«Нұр-Сұлтан – Петропавл – Көкшетау қаласына кіру учаскесі» автомобиль жолының 282-289 шақырымдары аралығындағы учаске ресми түрде тапсырылды. Қазір жол ашық, ал жоба командасы жұмысты абыроймен атқарып, мықты да тәжірибелі мамандарды қажет ететін басқа өңірлердегі жобаларға жұмылдырылды.