Елордада жаңа буын үйі салынды

        4 сәуір 2022

        BI Group ұсынған «Поколение.Комфорт» бигвиллінің бірінші кезектегі 168 пәтер иесі жылжымайтын мүліктерінің кілттерін қолдарына алды.

        Жоба Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында орналасқан үш комфорт және үш бизнес санаттағы кезектен тұрады. Тұрғын үйге қарама-қарсы Нұр-Астана мешіті, «Азиа Парк» СОО мен №59 мектеп тұр. Сондай-ақ, 2023 жылға қарай бигвилль аумағында 2400 орындық тағы бір мектеп пайда болады.

        Тұрғын үй кешеннің фасады талшықты цемент панельдері және клинкер кірпіші сияқты желдетілетін материалдармен қапталған. Үйге біздің континенталды климатымыз үшін қолайлы, үш қабатты, бес камералы терезе профильдері қойылған. Пәтераралық арақабырғаларда шу оқшаулауды жақсарту үшін Оңтүстік Кореяның ТОП-3 құрылыс салушыларының құрамына кіретін және өзінің акустикалық зертханасы бар Daewoo Engineering & Construction компаниясымен бірлесіп әзірленген Acoustic Pro жүйесі қолданылған. Барлық пәтерлерде тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін «ақылды» электрондық құлыптар мен IP-домофония орнатылған.

        Барлық үш кезекте де авторлық ландшафтық дизайн, барлық жастағы балаларға арналған ойын кешендері, күркелер, футбол алаңы және workout аймағы қарастырылған біріктірілген аула болады. Ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтау осы жылдың шілде айына жоспарланған. Бірақ бигвилль тұрғындары мен қонақтары тек аулада ғана емес, сонымен қатар 4000 шаршы метрге жуық жеке саяжолында серуендей алады.

        Жобаның бас инженері Денис Кайрбаев:

        «Екінші және үшінші кезекте құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл блоктарда барлық қабаттар көтеріліп, оларды әйнектеу жұмыстары аяқталды, коммуникациялар жүргізілді. Бүгінгі күні фасадты бекіту, ішкі әрлеу мен үй маңындағы аумақты абаттандыру жүзеге асырылуда».

        Жаңа бигвиллдің тұрғыны атанғыңыз келсе BI Group сату бөлімдеріне жүгініңіз немесе 360 нөміріне қоңырау шалыңыз.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.