Әр бөлшектегі сән-салтанат: Алматыда Тұңғыш Президент саябағы маңындағы үйдің екінші кезегі іске қосылды

Ағымдағы жылдың
жазында BI Group компаниясы оңтүстік
астананың беделді ауданында орналасқан премиум санаттағы President
' s Park тұрғын үй кешені құрылысының басталғаны туралы хабарлаған еді. Жоба сәтті іске асырылып, жоғары сұранысқа ие болып жатқаннан кейін, компания екінші кезекті брондаудың басталғаны
туралы хабарлайды.
President
' s Park – бұл терезелерінен Іле Алатауының шыңдарына керемет көрініс ашылатын,
"салтанатты минимализм" стиліндегі BI Group-тың заманауи және бірегей
жобасы. Таулы жердегі жұмақтың бір түрі десек еш артық емес. Үйдің "Мирас" шағын
ауданында қалған жалғыз аралдағы эксклюзивті орналасуы – айрықша ерекшелігі.
Кешен Алматының экологиялық таза аймағында, Тұңғыш Президент саябағы мен
"Жайлау" гольф-курортының жанында орналасқан. Айналадағы әсем табиғат
пен құрылыс салушының үй ішіндегі көгалдандыруы табиғи сұлулықты еселеп, ауа
сапасын жақсартады.
Мұнда әрбір
алаңда тек 2-3 коллекциялық пәтерден орналасқан. Сонымен қатар, жобада
пентхаустар қарастырылған. Бірінші қабаттағы үй иелерінің жанұясымен жиналып
немесе достарымен көңілді кештер өткізе алатын жеке террассалары бар. Панорамалық
терезелер, биік төбелер, шатырдағы террасалар – осының барлығы кешен аумағында
жайлы өмір мен тиімді уақыт өткізу үшін жасалған.
Әрбір
бөлшектегі сән-салтанатты: табиғи әрлеу материалдары, ландшафт пен холлдың жеке
дизайны, ТҮК-тің әрбір шаршы метрін оның негізін қалаушы Нұрлан Камитовтың
басшылығымен, елдегі ең ірі INK Architects сәулет бюросы ойластырған. Үйдің
өзіндік символикасы – жылқылар. Олар бостандықты ғана емес, сонымен қатар халқымыздың
тарихы мен мәдениетіндегі тікелей байланысты көрсетеді. Ал сатылы фонтан-сарқырама
кешеннің тартылыс аймағына айналары сөзсіз.
President
' s Park қай жағынан алып қарасаңыз да, қайталанбас
жоба. Оның аумағында әркім өз қалауындағы іспен айналыса алады. Мәселен, спорт
әуесқойлары үшін жеке фитнес-клуб пен белсенді демалыс аймағы қарастырылған. Ал
кішкентай тұрғындарға балалар қалашығы мен ойын алаңы, жаяу серуендегенді
ұнататындар үшін кешеннің барлық блоктарын қосатын өз аллеясы болады.
BI Group
компаниясының басты қағидаларының бірі – тұрғындардың қауіпсіздігі. Ол үшін
жобада көліксіз және оларға арналған жолдары жоқ аула тұжырымдамасы, тәулік
бойы күзет және бейнебақылау қарастырылған. Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік
иелеріне IP-домофон, электрлік камера және ақылды үй мүмкіндіктері қолжетімді
болады. Сонымен қатар, мұнда ауыз суды сүзу жүйесі орнатылады.
Бірінші
кезек 2021 жылдың күзінде тапсырылады деп жоспарлануда.
President
' s Park тыныш және жайлы өмірді қамтамасыз етеді. Тұрғын үй кешенінен бірер
қадам жерде "Мирас" халықаралық мектебі, "Бөбек" орталығы,
сондай-ақ "Алатау" емдеу-сауықтыру кешені орналасқан.
Ескертпе: Аталмыш тұрғын үй кешені аз қабатты болып
табылады және "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" ҚР Заңының
3-бабының 4-тармағына сәйкес үлескерлердің ақшасын құрылысқа тартуға рұқсат
алуды талап етпейді. Іске асыру ҚР Азаматтық Кодексі
шеңберінде жүзеге асырылуда. Жобаға тапсырыс беруші – "BI Almaty
Projects" ЖШС.