«Тиімді серіктестік»: BI Group аймақтарда мердігерлер іздестіруде

        22 желтоқсан 2021

        Қарағандыда Қазақстанның ірі инвестициялық-құрылыс холдингі BI Group ұйымдастырған «Тиімді серіктестік» форумы өтті. Бір алаңда 50 жергілікті әлеуетті бизнес-серіктестердің өкілдері жиналды. Іс-шарада құрылыс нарығының қатысушылары  ашық диалог құрды.

        Кездесуде BI Group холдингінің ағымдағы және перспективалық жобалары ұсынылды, құрылыс саласының нарығына шолу жасалды және компанияның басты жаңалықтары айтылды.                                                         

        Холдингтің тарихы, оның құрылымы және жобалары туралы Бизнес-серіктестер кеңесінің төрағасы Дархан Шілдебаев айтып берді. Өз сөзінде ол өткен жылдың негізгі көрсеткіштерін атады.

        Сондай-ақ, спикер холдинг нысандарын іске асыру кезінде әріптестікті және құрылыс индустриясын дамытуға қатысуға басқа компанияларды тарту мақсатында құрылған Бизнес-серіктестер кеңесі туралы толық ақпаратты ұсынды.

        BI Development компаниясының жобалар директоры Қуаныш Айтжанов бигвиллдер құрылысына баса назар аудара отырып, елордада жүзеге асырылған тұрғын үй кешендері туралы баяндады. Олар толық абаттандырылған және ойластырылған инфрақұрылымы бар аумақты кешенді дамытуды көздейді.

        Холдингтегі сатып алу және логистика процестерінің қалай құрылғаны туралы  департамент директоры Николай Батрак айтты. Ол 2021 жылы сатып алудың жалпы көлемі 500 млрд теңгеден асқанын атап өтті.

        Серіктестермен жұмыс істеудің ыңғайлылығы үшін компанияда сатып алу жүзеге асырылатын портал және BI Partner мобильді қосымшасы бар. Онда 38 мыңнан астам мердігер тіркелгенін BI Partners аға талдаушысы Елдар Мәулетов айтып өтті.

        Форумға қатысушылар алдында холдингтің серіктесі «ОВ СтройИнжиниринг» директоры Ержан Туйчиев сөз сөйледі. Компанияның өндірістік базасы және ауа өткізгіштерді, пішінді бөлшектер мен желдету жүйелерінің басқа да бөлшектерін шығаратын цехы бар. BI Group пен «ОВ СтройИнжиниринг»  арасындағы ынтымақтастық 2018 жылы Ak Bulak Life және Мәңгілік ТҮК жобаларымен басталған. Сол кезде тапсырыстар портфеліндегі пайыздық арақатынас: BI Group-тан 20% және басқа ұйымдардан 80% -ды құраған. Қазіргі уақытта осы құрылыс компаниясынан тапсырыстың 80% -дан астамы келіп түседі.

        Форумның негізгі бөлігі аяқталғаннан кейін залдан тендерлер рәсімі туралы сұрақтар келіп түсті. Холдинг өкілдері жоба командасына байланысты көптеген тендерлер өткізілетінін атап кетті. Ал жобалардың саны жылына шамамен 80-ге жетеді. Мысалы, егер бір тұрғын үй кешенінде 3 кезек болатын болса, онда оларға 3 серіктес тартылуы мүмкін.

        Кездесуде қазіргі жағдайда жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ әлеуетті әріптестер алдағы көлемдерін егжей-тегжейлі елестете алуы үшін 2022 жылға арналған жоспарлар айтылды.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.