Promenade Expo тұрғын үй кешенінде қоныстой!

Promenade Expo жобасының командасы кешеннің соңғы блогын (Е блогы) тапсырып, тұрғындарды тағы бір қуантты. Жоба жетекшісі Қуаныш Айтжанов E блогының осының алдында тапсырылған B блогынан санаты бойынша төмен болғанына қарамастан, еш кем түспейтінін айтты. - Біздің команда бұл объектінің құрылысына бар ынтасын салды, оны объектінің əрбір бөлшектерінен байқауға болады. Мысалы, кіреберістердің дизайнымен кəсіби дизайнер айналысты. Біз дизайнның ең қолайлы нұсқасын таңдадық. Балалар ойын алаңы əуежай тақырыбында орындалды. Əрқайсымыз бір кездері ұшқыш, ғарышкер болуды армандаған едік.. Аула композициясын толықтыру үшін үш піл жəне тасқабаның мүсінін қойдық. Естеріңізде болса, жер үш пілдің үстінде, ал пілдер жүзіп келе жатқан алып тасбақаның үстінде тұр деген аңыз бар. Оның үстіне тасбақа ұзақ өмірдің, ал піл молшылықтың символы. Тұрғындарды қоныстойларымен құттықтаймын, үйлеріңіз бақытқа толып, көңілдеріңіз қуанышқа тола берсін! - деп жоба жетекшісі жаңа пəтер иелерін құттықтады.