Қарсылас командалар белгілі болды

BI Group холдингі қызметкерлерінің арасында өтетін дәстүрлі хоккей турнирі 2018 жылдың қаңтарының 26-ы мен 28-і аралығында өтеді.
Компаниямыздың ең күшті командасы атану үшін 11 команда бақ сынасады.
12-желтоқсанда жеребе тарту рәсімі өтіп, командалар екі топқа бөлінді.
А тобы: Б тобы:
• BI Service • ПГС
• ИЖС • МЖК-Премиум
• АБК-Автодор НС • Казахдорстрой
• МЖК-Алматы • «МЖК-Астана»
• Otau Group. • КЦ-2
• КЦ-3
Астана қаласының әуесқой хоккей лигасының кәсіби төрешілері бұл командалар арасындағы ойынға төрелік етеді.
Жеңімпаз командаларға кубок, медальдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ, командалардың ең белсенді жанкүйерлеріне ұтыс ойындары өткізіледі.
Олай болса командалар лайықты ойын көрсетеді деп сенеміз. Сәттілік!