Қазақстандық ұтыс ойынынан су жаңа пәтер ұтып алды

Қазақстандық ұтыс ойынынан су жаңа пәтер ұтып алды
⠀
Тәуелсіздік сарайында BI Group холдингі жаңа пәтерге, Kia Rio автокөлігіне және саяхатқа жолдамаға ұтыс ойынын өткізді. Оған Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалаларындағы клиенттеріміз қатысты.
Сондай-ақ, 100-ден астам жүлде ойнатылды: теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар, шаңсорғыштар, қысқа толқынды пештер, мультиваркалар, электр шәйнектер, ноутбуктер, планшеттер және т.б.
⠀
Клиенттеріміз үшін еліміздің эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың арасында танымал әнші Айқын Төлепберген мен Данэлия Төлешова да бар.
⠀
Асем Маханова:
- Мен BI City Seoul-дың тұрғынымын. Жолдама ұтамын деп ойлаған да емеспін! Енді, «балама Лондонды көрсетсем» деген арманымды орындайтын болдым, үлкен рахмет!
⠀
Жаңа автокөліктің иегері Светлана Нұранова:
- Біз BI-дың тұрақты клиентіміз. Ұтыс алдында «Мәңгілік» тұрғын үй кешенінен пәтер алдық. Отбасымызға компанияның дәстүрлері өте ұнайды, тіпті егер біз ештеңе ұтып алмасақ та, оған деген біздің қарым-қатынасымыз еш өзгермейді! Машинаны балаларыма беремін. BI Group компаниясына үлкен рахмет!
⠀
Басты жүлде - BI Group компаниясының жаңа пәтері Алматыда тұратын Қарлығаш Жұмабаеваға бұйырды. Ұтысқа оның әпкесі Айдана Ерғалиева қатысыпты:
- Бүгін сәттілік біздің жағымызда болды! Мен басты үш жүлденің бірін ұтатыныма сенімді болдым. Отбасымыз үшін бұл - ұтыс ойынына алғаш рет қатысуымыз, әпкем бақытты болады деп сенемін. Компанияға, ұйымдастырушыларға үлкен рахметімді айтамын! Ғажайыпқа сеніңіздер дегім келеді, өйткені ол міндетті түрде орындалады! Бүгін мен бұған көзімді жеткіздім!
⠀
Ұтыс ойынының барлық жеңімпаздарын құттықтап, келген қонақтарымызға алғысымызды білдіреміз!