BI Group Qazforum-ды қолдады

        13 ақпан 2020

        BI Group Qazforum-ды қолдады

        BI Group Қазақ тілді онлайн контент жасаушылардың форумын қолдады. Бүгінде қазақ тілді контенттің саны да, салмағы да артып келеді. Бұл қарқынмен, мемлекеттік тіліміздің де мәртебесі өсетіні хақ.

        Осы орайда, қазақ тілді онлайн медианы дамыту мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын Qazforum іс-шарасының орны ерекше. Бұл қазір Интернет желісінің қазақ тілді сегментіндегі өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған бірегей кәсіби алаңға айналды. Бұл жобаның маңыздылығын түсіне отырып, BI Group компаниясы да атсалысып, демеушілік қолдау көрсетті.

        BI Group-та өз кезегінде, мемлекеттік тілді дамытуға өзіндік үлесін қосып келеді. Компанияның қолдауымен Disney мультфильмдері алғаш рет қазақ тілінде «сөйледі». Ал 2020 жылы «Болашақ» корпоративтік қорымен бірлесіп «Walt Disney Pictures», «Pixar» және «Sony Pictures» компанияларының тағы жеті фильмі қазақ тіліне дыбысталады. Бұл туралы компания өкілі Архат Ғарыпжан мәлімдеді:

        «Осы жобаның арқасында қазақстандық балалардың сапалы киноконтентке қолжетімділігі арта түсті. Бұл қуантарлық жайт. Одан қалды, қызметкерлеріміз бен клиенттерімізді ақпараттандыруда әлеуметтік желілерді, ішкі порталдарымызды екі тілде жүргізіп келеміз. Жалпы, бизнестегі қазақ тілді копирайтинг саласын жетілдірудеміз. Біздің көптеген тұрғын үй кешендеріне қазақша атаулар берілген, мысалы жақында ғана Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай біз «Асыл мұра» жобасын іске қостық. Оның бір кешеніне «Абай» есімі берілген. Qazforum ұйымдастырушыларына рахмет!»

        Сондай-ақ, Архат компанияның журналистер мен блогерлер үшін байқау өткізіп жатқанын айтып өтті.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.