Нұр-Сұлтан қаласында Сингапур мен АҚШ-тағы білім берудің үздік оқу әдістемелерінің озық тәжірибесіне негізделген Quantum STEM School желісінің алғашқы инновациялық мектебі ашылды.
31 тамызда мектепке ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, Премьер-министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Ералы Тоғжанов, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, елорда әкімі Алтай Көлгінов және т. б. келді.
Оқу орнының алғашқы тарихи жиынына бірінші сынып оқушылары мен жоғары мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер, сондай-ақ елорданың ғылыми-педагогикалық қоғамдастығы қатысты. Салтанатты шараны Білім беру жобасының құрылтайшылары Берік Қаниев пен Айдын Рахымбаев, сондай-ақ Quantum STEM желісінің бас директоры Бақыт Оспанов және мектеп директоры Әнуар Унайбеков ашты.
Желінің артықшылығы – математика, ғылым және инженерия пәндерін тереңдетіп оқыту. Оқу процесі барысында оқу пәндерін дәстүрлі оқытумен қатар оқушылар Integrated Engineering Program-ды меңгереді, ол инженерия саласындағы негізгі мамандықтармен танысуға мүмкіндік береді: Electrical Engineering, Mechanical Engineering, Chemical Engineering, Civil Engineering. Бұл курстар Project Based Learning (жобалау қызметі) және Inquiry Based Learning (сұрақ қою негізінде оқыту) әдістемелеріне негізделген.
Зертханалық жұмыстарға, топтарда қолданбалы сабақтарға және ағылшын тілінің дағдыларын іс жүзінде шоғырландыруға көп көңіл бөлінеді. Quantum STEM мектебінің басқа да артықшылықтары:
Сингапурлық әдістеме бойынша математиканы 1-6 сыныптарда оқыту
Жоғары сыныптарда Ар (Advanced Placement) талаптары бойынша университеттік деңгейдегі пәндерді жүргізу;
Бағдарламалау сыныптары және интеграцияланған инженерлік бағдарлама (Integrated Engineering Program)
Спорттық бағдарламалау
Авиамодельдеу
Мобильді қосымшаларды әзірлеу.
Quantum STEM School-да оқушыларды конкурстық іріктеу қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 1-ден 11-сыныптар арасында өтті. 1020 оқушы оқуға қабылданды, бұл мектептің жобалық қуатының 100% -ы.
Мектеп құрылтайшыларының "Quantum Talents"бағдарламасы аясында оқудағы, спорттағы және шығармашылықтағы жетістіктері үшін 10-11 сынып оқушыларына гранттар тапсыруы баршаны қуанышқа бөледі. Аз қамтылған отбасылардың балаларын қолдау мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының басқа мектептерінің оқушылары үшін "Quantum Foundation"бағдарламасы іске қосылды.
Quantum STEM School мұғалімдері Сингапур стандарттары бойынша кәсіби даярлықтан өтті. Өз кезегінде, жетекші Marshall Cavendish баспасы әдістемелік құралдарды, соның ішінде интерактивті цифрлық оқулықтарды ұсынды. Мектеп Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500 жетекші педагог кадрлардың арасынан 100 үздік оқытушыны біріктірді. Конкурстық іріктеуден өткендердің арасында ғылым магистрлері мен кандидаттары, Болашақ бағдарламасының түлектері, CELTA сертификаттарының иегерлері бар.
Мектептің инфрақұрылымы озық технологиялармен және жабдықтармен жабдықталған. Оқу сыныптарынан басқа мұнда химия, физика және биология бойынша инновациялық зертханалар, рекреациялық аймақтар, шеберханалар, кітапхана, self-сервис, көшіру орталығы, музыка және робототехника кабинеттері, мультимедиялық үй-жай, оранжерея және фотостудия бар. Балалармен тәрбие жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Ғимараттарда карантиндік режимді сақтау мақсатында COVID-ке қарсы жүйе жұмыс істейді. Жоба «Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ қолдауымен жүзеге асырылды.