Құрылысшылар Light House-ты мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр
Әлеуметтік желіде ең көп талқыланатын тұрғын үй кешенде жексенбі күні ашық есік күні өтті. Елордалықтарды әсіресе толғандыратыны бұл кешендені көлік тұрақтарының аздығы, үйдің жанындағы АЗС, Уәлиханов көшесінің тарлығы.
Бұл сұрақтарға Light House жобасының жетекшісі Асқар Шайзин жауап берді. Көптеген клиенттер үйді ЭКСПО немесе Хан Шатыр секілді қаланың жаңа аудандарынан алады. Бірақ өздері туып-өскен ауданда тұруды қалайтындар да бар. «Лайд Хаус» - осындай отбасылар үшін тамаша шешім.
Кешен қаламыздың «золотой квадрат» деп аталатын, тарихи орталығында орналасқан. Бараев көшесімен жүре берсеңіз, көпір арқылы сол жақ жағалаудан бір шығасыз.
Енді өзекті сұрақтарға келер болсақ:
АЗС, біле білсеңіз, қаламызда үйдің жанында орналасқан жанармай құю станциялары көп. Барлық қауіпсіздік пен арақашықтық нормалары сақталған. Бір қызығы, үй мен АЗС-тың арасында бургер мейрамханасы ашылды. Егер бензин иісі шығатын болса, мұндай мейрамхананы ешкім ашпас еді. Көлік орнына келер болсақ, бізде 200 көлікке есептелген паркинг қарастырылған. Енді Уәлиханов көшесі туралы айтар болсам, бұл жерде алты жолақты магистраль мен жол айырығын салу жоспарда бар, бірақ бұған қала әкімдігі жауап береді, ал біз үй тұрғызамыз, дейді Асқар Шайзин.
Ашық есік күні жексенбіде таңертен өтсе де, келген адамдар көп, бізбен пікірлерімен де бөлісті.
Георгий және Алена:
- Біз жас отбасы, ата-анамызбен бірге тұрып келдік, енді бөлек шығу керек. Өзіміз «целиноградтықпыз», сондықтан осы үйді таңдадық, орналасқан жері ұнады.
Есения:
- Менің осы қалада тұрғыныма 7 жыл болды, Академияда оқып жатқанымда, осы ауданды ұнатып қалдым, сондықтан осы жерден сатып алуды шештім. Құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр.
«Лайд Хаус» комфорт-санаттағы үй, пәтер төбелерінің биіктігі 2,7 метр. Пәтер ішінде бөгде шу болмас үшін, «қабырғадағы қабырға» технологиясы қолданылды. Объектіде заманауи «Саймакс» қытай лифтілері болады.
Үй фасадына материалдың үш түрі қолданылады: гранит, керамикалық плитка және «Фундермакс» компаниясының панелі.
Айтпақшы, жоба командасы бірінші кезекті белгіленген 27-қазанда емес, 31-тамызда тапсыруды шешті. Осы үйден пәтер алам деушілердің пайдасына, оның үстіне мұнда сатылмаған пәтерлер әлі бар.