BI Group компаниясы танымал американдық сәулетшінің идеясын жүзеге асырды

BI Group компаниясы танымал американдық сәулетшінің идеясын жүзеге асырды
Ray Residence кешені – біздің компания үшін ғана емес, барша еліміз үшін әйгілі. 21 желтоқсан үйдің бірінші кезегі пайдалануға берілді. Кешен үш блоктан: бір 6 қабаттық және 22 қабаттық екі ғимараттан тұрады. Аз қабаттысы – премиум санатына жатады: небәрі 6 пәтер, бір қабатт 1 немесе 2 пәтерден орналасқан. Пәтер төбесінің биіктігі 3,3 метр, сыртқы есіктеріне электр құлыптары орнатылған. Барлық блоктарда швейцарлар болады, қонақтарға арналған күту бөлмесі, онда дәретхана қарастырылған. Коворкингі де өзгеше, дәстүрлі кітаптар мен стандартқа айналған үстел ойындарынан бөлек фуршет ұйымдастыратын орын бар. Айта кетерлігі, коворкинг – тек биік ғимараттарда ғана бар. Әрбір бөлік назар аударуға лайық. Холлдағы мәрмәр еден, балалар алаңындағы террассалық тақта, болаттан жасалған өрт сөндіру құралдары.
Ал жақсы ән мен жағымды иіс тек көзді ғана емес, жанды да жылытады.
Әрбір пәтерде – «ақылды үй» пакеті судың ағып кетуін, қозғалыс пен жану сынды үрдістерді консьерж пультіне жібереді. Кешенді әсем деп қана қоймай, қауіпсіз деп те айтуға болады.
Клиенттерді жаңа қоныстарымен директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев құттықтады.
«Құрылысшылар мен сәулетшілер Роберт Стерннің идеясын жүзеге асырып, оның стильдік машығын сақтап қалды. Үй ойдағыдай шықты, әсемдікті жоғары бағалайтындарға ұнауы тиіс», - деді ол.
Ғайша Бисенова, жаңа пәте иесі: «Мен дизайнермін. Киім тігумен айналысқандықтан, жақсы нәрселерді бірден аңғарамын. Кешен өте ұнады. Осы сынды үйлер елорданың көркін арттыра түседі».
Шілденің соңында жобаның екінші кезегі тапсырылады. Оның шатырында шолу алаңы болады, одан Нұржол бульварына ғана емес, қалаға да керемет көрініс ашылады. Бірінші кезекте сатылмаған пәтерлер әлі де бар. Сұрақтарыңыз болса, сату орталығына хабарласыңыз.