Астанада халықаралық бакалавриат бағдарламасы бар жаңа мектеп алғашқы оқушыларды қабылдады

        31 тамыз 2023

        Елордада 31 тамыз күні  Riviera International School by Quantum мектебі есігін айқара ашты. Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына Білім министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

        Оқу орны экологиялық таза ауданда, Триатлон паркі мен Есіл өзенінің жағалауына жақын орналасқан. Бұл BI Group пен Lancaster Group арасындағы ынтымақтастық арқылы жүзеге асырылған, Quantum Stem мектебінен кейінгі олардың бірлескен екінші білім беру жобасы.

        Жоба «Bank RBK» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылған.

        Мектеп әлемнің 125 елінде және 2700-ден астам мекемелерінде танылған 0-ден 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыратын болады. Бұл бағдарлама түлектерді үздік жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.

        «Заманауи қоғам мен болашақтың мамандықтары оқу орындарынан идеяларды оңай біріктіретін, ерекше шешімдер іздей алатын және айналасындағылармен өзара әрекеттесе алатын икемді, жаңашылдыққа дайын түлектердің әзірлігін талап етеді. Біз таңдаған IB бағдарламасы барлық кезеңдерде оқушыларды басты орынға қойып, олардың жан - жақты дамуы мен әлеуетін ашуға жұмыс істейді», - деп атап өтті мектеп директоры Бауыржан Ұзақпай.

        Riviera School – әр сыныпта 20 білім алушыдан тұратын 1100 оқушыға арналған мектеп. Оқытушылар құрамы PhD, MsC, CELTA, TKT жоғары тану және аккредиттеу дәрежелері бар Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа мұғалімдерінен құралған. Педагогтар арасында Назарбаев университетінің, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, сондай-ақ IB бағдарламалары бойынша сарапшылар бар. Мектеп командасында өз ісінің 200 маманы жұмыс істейді.

        Riviera мектебі әлемдегі ең үздік тәжірибелерді ескере отырып жобаланған. Мұнда заманауи коворкингтер, кітапханалар, фото-видео студия, қыш шеберханасы, химия, физика және ғылым кабинеттері, сондай-ақ ұсақ-түйекке дейін ойластырылған сыныптар қарастырылған.

        Оқу орнының айрықша ерекшелігі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беретін, арнайы әзірленген көптілді тәсіл болып табылады. Бұл аталмыш бағдарламаны заманауи шындыққа барынша жақындатады. Білім ордасы бала бойындағы патриотизм, ұлттық бірегейлікті құрметтеу және сақтау сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған.

        Академиялық бөлімнен басқа, оқушыларда 50-ден астам элективті сабақтар мен үйірмелердің таңдауы бар, олардың ішінде: ескек есу, робототехника, стартаптарды дамыту, бағдарламалау, қаржылық сауаттылық, құмыра жасау өнері және басқалары.

        Түлектердің үздік университеттерге сәтті түсуі, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандығын таңдауды анықтау үшін кәсіби бағдар бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар еліміздің ұлттық компанияларында тағылымдамадан өтеді.

        Сонымен қатар, Riviera International School by Quantum дарынды балаларға білім беру гранттарын ұсынады.

         

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.