Қазақстанда мұғалімдерге ерекше алғыс білдірді

        31 тамыз 2021

        Мұғалімдерге алғыс – елорданың орталық саябағында "Ризамыз: Ұстаз" фотокөрмесі ашылды.

        Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұр-Сұлтанда қазақстандық мұғалімдерге арналған "Ризамыз: Ұстаз" фотокөрмесі ұйымдастырылды. Қаланың орталық саябағындағы "Атырау" көпіріне жүзден астам мұғалімнің портреті ілінді.

        Көрмедегі 29 ұлағатты жан Instagram әлеуметтік желісі арқылы таңдалса, 71 адамды білім беру құрылымдары ұсынды. Еліміздің 600 мұғалімінің әрқайсысы алғыс айтуға лайық. Іс-шара ұйымдастырушыларының алдында ең лайықтыларын таңдау міндеті тұрды. Осы жүздеген адамның әрбірі мол тәжірибесі мен жүрегі кең кәсіпқой ғана емес, балалар үшін бағыт берушіге  айналған жандар. Бұл өмірге жолдама беретін, шабыттандыратын және ынталандыратын, өршіл мақсаттарға жетуге үйрететін мұғалімдер.

        Олардың арасында – Жұмағұлов Темірболат Галеевич бар. Елордалық № 1 лицейдің мұғалімі жарты ғасыр бойы халықаралық және республикалық олимпиадалардың мыңдаған жеңімпазына тәлім-тәрбие берген. . Атақты лицейде оқығандардың арасында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов те бар.

        Көлік және коммуникация колледжінің ұстазы Матвеева Лариса Ивановна Грециямен халықаралық байланысты нығайтуға қосқан үлесі үшін Кассандрия қаласының мэриясынан алғыс хат алған. Сонымен қатар ол "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен, "Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" Халықаралық Энциклопедия медалімен марапатталған. Осы салада 32 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздан тәлім алған теміржолшылар оған дән риза.

        Балаларға және өз кәсібіне деген сүйіспеншілік Шымкент қаласының № 74 орта мектебінің мұғалімі Лесова Акбопе Калшабаевнаға үйден мектепке жету үшін күн сайын 12 шақырымды жүріп өтуге көмектеседі.  Ыстықта, нөсерде немесе аязда - ол өз білгенімен бөлісуге асығады. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасындағы «КИО» интернет олимпиадасының жеңімпазынан оқушылары үлгі алып, өздері де түрлі байқаулардың жүлдегерлері атанып жүр.

        Алматы қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Боранбай Асылбек Амангелдіұлы – халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалардың жүлдегерлерін даярлауда рекордшы. Оның оқушылары 150-ден астам алтын, күміс және қола медаль жеңіп алған. Кім біледі, мүмкін олардың есімдері жақында Кремний алқабында белгілі болады. 

        BINOM SCHOOL басқарушы компаниясының директоры (BI Group білім беру жобасы) Шолпан Қадырова:

         «Қызықты аңыз бар. Мұғалім дүниеге келген кезде оның бесігіне 3 періште келеді. Біріншісі: «Сіз әрқашан жас боласыз, өйткені сізді балалар қоршап алады», - дейді. Екіншісі: «Сіз ақылды боласыз, өйткені сіз біліммен бөлісесіз», - дейді. Үшіншісі: «Сіз әрқашан бақытты боласыз, өйткені сіздің оқушыларыңыз сізден асып түседі»,-дейді. Шығармашыл адамдар, суретшілер, фотографтар, жазушылар өз шығармаларының кейіпкерлері ретінде мұғалімдерді таңдаған кезде мен мұны өте құнды және шынайы заманауи тенденция деп санаймын. Өйткені, мұғалімдер балаларды тәрбиелеп, рухани құндылықтар мен білімнің берік негізін құра отырып, күнделікті ерлік жасайды».

        Көрменің бірінші күні көпірде белгілі қазақстандық музыкант Кай Ратович сөз сөйлеп, ұйымдастырушылардың бастамасын қолдады.

        «Ризамыз: Ұстаз» көрмесін BI Group инновациялық құрылыс холдингі ҚР БҒМ және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды. Көрме 2021 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.



        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.