Шымкентте сенбілікке қатысушылар 200 қап қоқыс жинады

        29 қазан 2022

        Қаладағы жаңа LCD Tumar Apartments, Grand Park, «Атамұра» тұрғын үй кешені жобаларының командалары «Ат спорты» федерациясының өкілдерімен бірге сенбілікке шықты.


        Экологиялық акция ұлттық спорт түрлерінен олимпиадалық резерв мектебі аумағында өтті. Спортшылар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаттығу базасы жаңа ипподромдағы заманауи алаңға көшіріледі деп жоспарлануда. Шараға қатысушылар 200-ге жуық қап қоқыс жинап, ағаштарды әктеді.


        – Бүгінгі сенбілікке қатысқаныма қуаныштымын. Өзіміз тұрып, әрі жұмыс істеп жатқан қаланың көріктенуіне үлес қосу өте маңызды. Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз, оны әрқашан тазалықта ұстау керек. Аталмыш акциялар арқылы біз келер ұрпаққа үлгі боламыз. Себебі бұл тек қана тазалық жұмыстарын жүргізу емес, сонымен қатар экологиялық тәрбие беру болып та табылады – деп атап өтті Tamar Alartments жобасының бас инженері Арман Бисембаев.


        BI Group компаниясы Бозарық ауданында жаңа ипподром салып жатқанын еске саламыз. 1500 көрерменге арналған ғимарат ірі халықаралық додалар мен ат жарыстары өтетін негізгі кешен болуды көздеп отыр. Кешенде ұлттық спорт түрлері бойынша, тіпті олимпиадалық іріктеу кезеңдері бойынша да кездесулер ұйымдастыруға арнап жасалған.

        Ипподромда ат жаттықтыратын орыннан басқа шамамен 100 атқа арналған ат қора, жабық трибуна, ветеринарлық бөлімше, 310 көлікке арналған кең тұрақ салынуда. Трибунаның жоғарғы қабатында ашық террасса болады.


        Жер қазу жұмыстарының көлемі 550 000 м3 дейін артты – бұл шамамен 27 000 жүк көлігі. Сонымен қатар жылқыларды қолайсыз ауа райында жаттықтыруға арналған манежді BI Group компаниясы өз қаражаты есебінен салып береді.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.