Ең қалаулы жаңа жылдық сыйлық
ВІ Group елордалық клиенттеріне жаңа жылға тамаша сыйлық жасады. Only Sun 2 тұрғын үй кешені мерзімінен бұрын тапсырылды. Клиенттер пәтер кілттерін мереке қарсаңында алуы үшін жоба командасы бар күш-жігерін салды.
Заманауи кешен Ұлттық банкке қарама-қарсы орналасқан. Кешеннің ғылым мен мәдениеттің маңызды объектілеріне жақындығы үлкен артықшылыққа ие. Only Sun 2 тұрғындары әрдайым керемет қойылымдарды, көрмелер мен концерттерді тамашалап, кештерін қызықты өткізіп қана қоймай, жарқын әсерлерге бөлене алады.
Жоба 9, 12 және 22 қабаттан тұратын төрт блоктан тұрады. Ауыспалы қабаттар еркіндік сезімін сыйлап, үйге көбірек жарық пен таза ауа енуіне мүмкіндік береді.
Only Sun 2 фасады жайлы визуалды орта тұжырымдамасымен жасалған.
Айта кету керек, ғимараттың фасады HPL панельдерімен безендірілген. Бұл әдетте бизнес санатындағы кешендерді безендіруде қолданылатын материал. Фасад әдемі ғана емес, сонымен қатар берік және кез-келген ауа-райына төзімді.
Only Sun-ның бірінші және екінші кезегі арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Тек екінші кезекте қоймалар бар. Сондай-ақ оның ауласында баскетболға арналған себеттері бар үлкен футбол-хоккей алаң мен воркаут жаттығуларына арналған жабдықтар қарастырылған.
Құрылыс компаниясы тұрғын үй кешенінің айналасындағы жасыл желекке ерекше назар аударған. Паркингтің төбесіне қылқан жапырақты және жапырақты көшеттер отырғызылған. Көктемде магистраль жақтан қосымша көгалдандыру жүргізілетін болады.
Сонымен қатар мұнда тек Sun 2 ғана емес, компанияның басқа кешендерінің тұрғындарына да арналған шағын алаңы бар аллея орналасқан.
Әсел, қоныстанушы:
- Біздің таңдауымыз – BI Group компаниясы, өйткені сервистің сапасы мен жоғары деңгейіне сенімдіміз. Біріншіден, Оnly Sun-ды орналасқан жеріне байланысты таңдадық. Жақын жерде қажеттінің бәрі бар: Mega Silk Way, Expo, Ботаникалық бақ. Екіншіден, бізге үйдің сәулеті мен әдемі ауласы ұнады. Үй маңыңда салынған мемлекеттік балабақша кішкентай балалары бар аналар үшін өте қолайлы.
Мақсат, қоныстанушы:
- BI Group – сапалы тұрғын үйдің үлкен көлемін ұсына алатын санаулы компаниялардың бірі. Only Sun-ды тұжырымдамасының жаңашылдығы мен ауданына байланысты таңдадық.
Асқар Шайзин, жоба жетекшісі:
- Осы сәтті пайдалана отырып, клиенттерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келеді. Кетіп бара жатқан жыл бәріміз үшін қиын болды. Алайда, біз екінші кезекті бір аптаға болсын, мерзімінен бұрын тапсыруға бар күшімізді салдық.
Бүгінгі күні сатылымда кешеннің үшінші кезегінде пәтерлер бар, олар 2021 жылдың маусым айында тапсырылады. Толығырақ BI Group сату бөлімдерінен немесе 360 нөмірі бойынша біле аласыз.