Тау маршруттары қауіпсіз бола түсті: Алматыдағы экотуризмнің дамуына қазақстандық компания ықпал етуде

        26 қазан 2020

        25 қазанда BI Group компаниясының "Тропы счастья" жобасының бірінші кезеңі оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына сыйлық ретінде пайдалануға берілді. Іс-шараға BI Development Almaty компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев, Іле – Алатау ұлттық паркінің экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы Ақбөпе Көкенова, Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді, сондай-ақ спорттық қоғамдастықтың өкілі, альпинизмнен спорт шебері, "Қар барысы" Андрей Пучинин қатысты.

        "Тропы счастья" жобасы ағымдағы жылдың көктемінде жұртшылыққа таныстырылған болатын. Сол кезде холдинг басшысы Айдын Рахымбаев компанияның Алматы мен Іле Алатауы тауларындағы экотуризм мен спорттық-туристік инфрақұрылымды дамытуға 360 млн теңге инвестиция салуға ниетті екенін айтқан болатын. Жоба BI Group-тың 25 жылдығына орай қалаға сыйлық ретінде жүзеге асуда.

         "Жобаның бірінші кезеңінде біздің команда ұзындығы шамамен 12 км болатын бір соқпақтың жағдайын жақсартты. Тауға шығу қауіпсіз болу үшін біз маршруттардың көрсеткіштері мен кішкентай көпірлер орнаттық, баспалдақтарды қайта жаңарттық, демалуға арналған күркелер мен шолу нүктелерін жабдықтадық. Бүгінгі таңда біз Көк-Жайлаудағы, Три-брата жартастарындағы және Күмбел шыңындағы жұмыстарды аяқтадық. Бұл жобаның басты мақсаты – кәсіби альпинистер болып табылмайтын, даярланбаған туристер үшін тауға шығуды қамтамасыз ету", - дейді BI Development Almaty компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев.

        Жобаның жұртшылық үшін пайдасы зор. Соңғы жылдары алматылықтар арасында өрмелеуге қызығушылықтың өсуі байқалады. Ал тауға шығу үшін Қазақстанға басқа елдерден де туристер келеді. Аталған бағыттар –  бұл дамуы қажет қаланың өзіндік инфрақұрылымы.

        Өз кезегінде Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді: "Тау маршруттарын жайластыру ғана емес, қолданыстағы экожүйені сақтау да маңызды. Айта кететіні, BI Group бүгінгі күні қолданыстағы, көпке танылған жолдарды абаттандырумен айналысқан. Барлық пайдаланылған материалдар экологиялық таза".

        Қазіргі пандемия жағдайына қарамастан, жобаның бірінші кезеңі бекітілген мерзімінде аяқталды. Жоба басталар алдында қоғамдық тыңдаулар мен экологиялық сараптама өткізілді.

        "Барлық жұмыстар тауда тікелей жүргізілгендіктен, климаттық жағдайларға қарамастан жабдықты биіктікке көтеруге тура келді. Тау жолдарының болуы – аса қажет дүние. Біздің тауларымыз әлемдік спорт орталықтарының бірі болуға лайықты", - дейді альпинизм бойынша спорт шебері Андрей Пучинин.

        Жоба құрылысына таулардың әр түрлі елдерден келген туристер үшін тартымды саналатын орталық болуынан бөлек, шыңға көтерілу барысында баспалдақтардың, металл көпірлердің және басқа да қорғаныс құрылымдарының болмауына байланысты көптеген жарақаттар алған, арнайы дайындығы жоқ адамдар да себепкер болды. Үш жыл бойы іске асатын жоба барысында барлығы 200 км туристік соқпақ салу жоспарлануда.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.