«Сезім қаласындағы» жайлы өмір

        16 қараша 2019

        «Сезім қаласындағы» жайлы өмір

        Nova City компаниясының жаңа Sezim Qala тұрғын үй кешені  «стандарт» класқа жатады. Бірақ, үйдің бірінші кезегін тапсыру кезінде, біз одан «комфорт» кластан айырмашылығын аса байқаған жоқпыз. 

        Ашық түсті және заманауи қасбеті үйді басқа ғимараттардан ерекшелеп тұр, оны басқа үйлермен шатастыру мүмкін емес. Қызғылт, ақ және сұр түсті фиброцементтік панельдер көңіл-күйді көтереді. Үйдің сыртқы келбетінен басқа, жобалаушылар мен құрылысшылар үйдің ауласына да үлкен мән берген. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған шағын сәулеттік нысандар, ересектерге арналған күркелер және салауатты өмір салтын ұстанушылар үшін жаттығу құралдары орнатылған. 

        Үйдің жоғары кластан тек екі айырмашылығы бар: мұнда әр қабатта 7 пәтер және жапсарлас салынған паркингі қарастырылмаған. Дегенмен, оның да артықшылығы бар, жоба командасы отырғызған ағаштар ертең жайқалып өсіп, үй аумағын жайлы микроклиматқа айналдырады. 

        Пәтер кілтін алған жаңа тұрғындар ризашылдықтарын білдірді. 

        Әсел:

        - Әсіресе, пәтерімнің жоспары ұнады. Шаршы бөлмелер - жиһазды орналастыру үшін ыңғайлы. Өте әдемі холл, заманауи лифтілер. Шынымды айтсам, Nova City-дің «стандарт» үйі біз ойлағаннан асып түсті!

        Рүстем:

        - Біздің үй ыңғайлы жерде орналасқан. Дәл жанымызда Magnum гипермаркеті салынуда, ол Жаңа жылға дейін ашылғалы тұр. Одан бөлек, жанында «Барыс Арена» және басқа да спорт кешендері бар. Е22 көшесін ашып, 40-шы маршрутты іске қосты. Үйдің жайлы болғаны әрі инфрақұрылымының дамып жатқаны қуантады. 

        Үйдегі барлық 266 пәтер сатылған. Қазір екінші және жетінші кезектегі пәтерлер сатылып жатыр. Толығырақ компанияның Сату орталықтарынан білуге болады.

        – Жақын арада біз ірі панельді үй құрылысы технологиясы бойынша, біздің зауыт шығаратын элементтерден салынатын төртінші кезектегі пәтерлерді сатуды бастаймыз. Айта кетейік, үшінші кезекке «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының» кепілдігі берілген, яғни ипотеканы сатып алынатын пәтерге қосымша кепіл қажет емес, – дейді жобаның бас инженері Олжас Нұғыманов.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.