Елордада ModеХ технологиясы бойынша салынған кезекті нысанның құрылысы аяқталды
Sezim Qala
бигвиллі
жаңа кварталмен толықты. Кешен – Қазақстанда модульдік үй құрылысы технологиясы
бойынша салынған тағы бір нысан. Мұндай құрылымдар құрылыс жылдамдығы мен экологиялық
таза болуына байланысты Швеция, Германия, АҚШ пен Қытайда және басқа батыс елдерінде
кең таралған. Алғашқы отандық өнім өткен жазда пайдалануға берілген «7Я» тұрғын
үй кешенінің үшінші кезегі болды.
Квартал
60 га аумақты алып жатқан Sezim
Qala бигвиллінде орналасқан. Жаяу қашықтықта
«Барыс Арена», «Астана Арена» стадионы, «Алау» мұз сарайы, Jekpe-jek сарайы
және басқа да кешендерді қамтитын елорданың ең ірі спорт кластері орналасқан.
Сондай-ақ жақын маңда екі инновациялық мектеп, балабақшалар, гипермаркеттер,
«Хан-Шатыр» мен «Азия Парк» сауда және ойын-сауық орталығы, саябақтар мен
бигвилль аумағындағы бірыңғай плейхаб бар.
«Нысанда заманауи және жоғары технологиялық ModeX
зауытының модульдік үй құрылысы қолданылды. Технологияның мәні дайын бөлменің
зауытта «құйылатынында» жатыр. Содан кейін блоктар құрылыс алаңында Lego
конструкторының принципі бойынша жиналады. Модульдік блоктар әр пәтерде
эргономикалық жайлы және кең бөлмелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді», - дейді
жобаны дамыту жөніндегі менеджер Айнұр Токубаева.
Құрылысы аяқталған кварталда - 311 пәтер болса, оның
206-сы таза әрлеуде тапсырылған. Осы шешімнің арқасында көптеген пәтер иелері
алдағы жөндеу жұмыстары туралы алаңдамай-ақ, осы аптада қоныс тойын тойлай
алады.
Қазіргі уақытта модульдік үй құрылысы технологиясы
бойынша NovaCity на Туране -3 және Jetisy бигвиллі жобалары іске асырылуда.
Аталмыш бірегей өнімдер туралы көбірек білу үшін 360 нөміріне қоңырау шалыңыз
(ұялы телефоннан тегін) немесе BI Group сату бөлімдеріне келіңіз.