BI Group: басты тренд – инновация және цифрландыру

BI Group: басты тренд – инновация және цифрландыру
23 тамыз күні Конгресс орталығында BI Group басшылары жаңадан құрылған BI Clients компаниясын және холдингтің Smart Remont және Smart Home атты инновациялық өнімдерін таныстырды. Іс-шараны BI Group холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаев, BI Group холдингінің басқарма төрағасы Амангелді Омаров және BI Clients бас директоры Әсел Жүнісова өткізеді.
«Біз бүгін болашаққа сеніммен қараймыз, себебі нарық қандай сын-қатерлерді даярлайтынын және осы жаңа сын-қатерлердің қандай жетістіктерге алып келетінін жақсы түсінеміз», - дейді компания басшысы Айдын Рахимбаев. Осыған орай холдингтің даму стратегиясы, ең алдымен клиенттерінің үмітін ақтауға және BI Group тұрғындарына тек белгілі бір шаршы метрі бар тұрғын үй ғана емес, өмір салты мен инновациялық өнімі бар – жайлы өмір сүруге және бизнеспен айналысуға қолайлы әрі ыңғайлылықты, қауіпсіздікті, жан-жақтылықты қамтамасыз ететін экожүйені ұсынуға негізделген.
BI Clients компаниясының басты ұстанымы – қызмет көрсету сапасы және жұмыс процесінің ашықтығы. Қазір компания 280 үйге қызмет көрсетеді – бұл 44 000-ға жуық тұрғын. «Тұрғындар қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын білуі тиіс. Жұмыс процесі ашық болғанда, тұрғындар тарапынан сұрақтар да аз болады», - деді өз сөзінде BI Clients басшысы Әсел Жүнісова.
Қазір заманауи үйлерді IT-технологияларсыз елестету мүмкін емес. Әлем, экономика және қоғам түбегейлі өзгерістер табалдырығында: жасанды интеллект, цифрландыру, роботизация. Сондықтан холдингте құрылыс процестері мен клиенттерге қызмет көрсетуді жаппай цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үшін жеке бағдарламалар, заманауи IT компаниялардың бағдарламалары қолданылады.
Солардың бірі - Smart Remont, оның көмегімен сіз онлайн түрде үйіңіздің жөндеу жұмыстарына тапсырыс бере аласыз. Smart Remont инновациялық өнімі - https://smartremont.kz сайты - жасырын төлемсіз, жоғары сапа әрі жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде жасап береді.
Айдын Рахимбаев: «BI Group тұрғындары үшін тағы бір артықшылық: smartremont.kz сайты арқылы жөндеу жұмыстарына тапсырыс берген клиенттерге Smart Home жүйесінің базалық жиынтығы беріледі. Бұл – сіз үйіңізде болмаған жағдайда судың ағып кетуін болдырмайтын датчиктер, өрт дабылы мен дабыл түймесі, қауіпсіздік жүйесі – үйге және паркингке саусақ ізі арқылы кіру немесе бетті сканерлеу (face ID). Айта кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап барлық салынып жатқан BI Group үйлері базалық жиынтыққа есіктерге сандық құлыптар орнатып береді – бұрынғыдай кілт пен карточка алып жүрудің қажеті жоқ, енді алдын ала деректер базасына енгізілген саусақ іздері ғана қажет болады. Әлемде біз көріп жүрген заманауи технологиялар, қазірдің өзінде BI Group компаниясында енгізілуде, мәселен Smart Home жүйесінің барлық функциясын мобильді телефоныңыздан немесе жеке компьютеріңізден қашықтықтан басқаруға болады. Smart Home бағдарламасы арқылы біздің тұрғындар пәтердің барлық инженерлік және мультимедиялық жүйелерінің жұмыс сценарийлерін бағдарламалай алады. Бұл Қазақстанның құрылыс индустриясындағы революциялық қадам».
Сонымен қатар, клиенттер арасында ұтыс ойыны өтті, бас жүлде – Парижге 1 000 000 теңгеге жолдама және Smart Remont сертификаты.
Парижге саяхатқа жолдаманы Сара Сабиганова ұтып алды:
- BI Group-қа рахмет! Шынымды айтсам, күткен жоқпын, бірақ сендім, ал есімімді атағанда таңғалдым! Менің компанияның екі мәрте клиентімін екі пәтерім де «Арнау» тұрғын үй кешенінде, енді ұлыммен Парижге ұшамын.
Smart Remont сертификатына Салтанат Қажанова ие болды:
- Компанияға және Айдын Рахимбаевқа алғыс айтқым келеді. Ол нағыз үлгі боларлық тұлға. Мұндай іс-шарада алғаш болуым, барлығы керемет өтті.