BI Group-тың бағалы қағаздары Мәскеу биржасына шығарылады

Ресейдегі, орталық және Шығыс Еуропадағы ірі банк - Сбербанк КАҚ және ТМД-ның жетекші Construction Tech, Қазақстанның BI Group құрылыс холдингі Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Герман Греф пен Айдын Рахымбаев тиімді серіктестікті дамытуға және ҚР мен РФ аумағында бірлескен жобаларды іске асыруға келісті. Перспективалық бағыттар ретінде тараптар МЖӘ қағидаты бойынша білім беру және денсаулық сақтау объектілерін қаржыландыру мүмкіндігін қарастырды, сондай-ақ осы жылдың күзінде BI Group-тың MoEx-ке (Moscow Exchange) шығу жоспарын талқылады. Осылайша, девелопер Мәскеу биржасында бағалы қағаздар шығаратын алғашқы қазақстандық коммерциялық эмитент болмақ. Бұрынырақ құрылыс салушының еншілес кәсіпорны облигацияларды AIX-ке сәтті орналастырған болатын, бұл инвесторлар тарапынан сұраныстың ұсыныстан едәуір асып кетуіне себеп болды.
Герман Греф, Сбербанк Президенті, Басқарма Төрағасы
- BI Group пен Сбербанктің еншілес банкі Қазақстанда ауқымды әлеуметтік жобаларды іске асыруда табысты, өзара тиімді ынтымақтастықтың бай тәжірибесіне ие. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанда МЖӘ схемасы бойынша төрт инновациялық мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың техникалық жабдықталуы халықаралық стандарттардан кем түспейді, ал оқу процесі қазақстандық білім беру моделі мен батыстың озық білім беру жүйелері негізінде ұйымдастырылады. Бүгін қол қойылған келісім BI Group-пен серіктестік қарым-қатынастарымыз бен жобаларымыздың дамуындағы жаңа кезең болады деп сенемін.
Айдын Рахымбаев, BI Group холдингі Директорлар Кеңесінің төрағасы
– Біз үшін Сбер Қазақстандағы негізгі банк болып табылады және біздің ынтымақтастығымыз –бұл жай ғана формальдылық емес, білім беру жүйесінің деңгейін жақсартуға бағытталған ортақ мақсаттары бар түрлі салалардағы екі серіктестің синергиясы. Сапалы адами капиталды өсіру – бұл ел болашағына ең жақсы инвестиция. Біздің жаңа форматтағы мектеп жобамыз балаларды озық стандарттар бойынша оқытуға елеулі үлес қосатынына, елдегі оқушы орындарының тапшылығын қысқартуға ықпал ететініне сенімдімін. Білім беруді қолдау мәселесінде біздің мүдделеріміз ресейлік әріптестеріміздің мүдделерімен сәйкес келді. Жалпы, Сбермен бізде ортақ көп нәрсе бар, соның ішінде корпоративтік мәдениет негіздері, қызметкерлерді дамыту мен оқытуға деген басымдық, цифрландыруға бет бұру.
Тараптар бірлескен жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық даму институттарымен екіжақты ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды нығайтуға уағдаласты.