Ұлы Абайдың құрметіне арналған тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату басталды

Оңтүстік
астанада комфорт және комфорт плюс санатындағы ONER тұрғын үй кешені салынады.
Қазақ
ұлттық стиліндегі тұрғын үй кешенінің жобасын іске асыру қазақтың ұлы ақыны
және ойшылы Абай Құнанбаевтың мерейтойына орайластырылған. Үй Есенжанов, Ислам
Каримов, Тұрғыт Өзал және Абай көшелерінің төрттігінде орналасқан. Жақын маңда
оқу орындары, медициналық мекемелер, балабақшалар, Fantasy World Almaty ойын-сауық
паркі, М. К. Ганди атындағы саябақ, стадион, кафе, ADK, MOSKVA, GRAND PARK СОО,
сондай-ақ метро станциясы орналасқан. Мұның барлығы жайлылық сыйлайтыны сөзсіз.
Кешен 12
қабаттық үш кезектен тұрса, әр қабатта 4-6 пәтерден бар. Жобада жалпы саны 911
пәтер қарастырылған, оның 2-2 кезектегі 154-і өз иелерін күтуде.
Үйдің монолитті
темірбетон қаңқасы, травертин және табиғи тастан жасалған желдетілетін фасады
оған заманауи классика көрінісін береді. Холлдар фарфордан жасалған және МДФ
панельдерімен қапталған. Ғимараттың салтанатты бөлігінің, вестибюльдің және
жалпы пайдалану орындарының авторлық дизайны ұлттық мәдениет ноталарымен
орындалған. Қазақтың ою-өрнектері мен қолтаңбасы интерьердің ажырамас бөлігі
болып табылады.
Тұрғындардың
қауіпсіздігі – нысанның басты ерекшеліктерінің бірі. Тәулік бойы жүргізілетін бейнебақылауы
бар көліксіз аула жайлы өмірді қамтамасыз етеді.
«Әрбір пәтерде біз кез келген уақытта
бейнебақылау камераларына қосылуға немесе қонақтарға кіреберіс есігін ашуға
мүмкіндік беретін IP-домофон жүйесін орнатамыз. Үйге кіру үшін қарапайым
кілттерді, саусақ іздерін, карта немесе пин-кодты қолдануға болады. Электронды
құлыптардың болуы тұрғындарды кілттерді алып жүру қажеттілігінен құтқарады.
Көлік тұрағы, қойма үй - жайлары және арбаларды, велосипедтерді, самокаттарды
сақтауға арналған орындар қолжетімді болады», - дейді жобаны дамыту бөлімінің
басшысы Әділет Қаржаспай.
Тұрғындар
Connected Home компаниясынан «ақылды үй» жүйесінің қосымша опцияларын ала
алады.
Бос
уақытты өткізу үшін ТҮК аумағында балалар ойын аймағы, демалуға арналған
күркелер, футбол және баскетбол алаңдары мен тенниске арналған үстел
қарастырылған. Кешеннің ішінде барлық тұрғын блоктарын жалғайтын серуендеу
аллеясы орналасқан.
BI Group
компаниясы құрылысты 2023 жылдың екінші тоқсанына дейін аяқтауды жоспарлап
отыр.
Сатылымда
әлі де пәтерлер бар. Толық ақпаратты қысқа 360 нөмірі арқылы алуға болады.