Атырауда 184 отбасы пәтер кілтін алды

        22 қазан 2022

        Бүгін Республика күні қарсаңында Таlаn Life жаңа кешенінің тұрғындары қоныс тойын тойлады. Квартал Таlаn бигвилінің аумағында орналасқан, оның тұжырымдамасында демалыс, жұмыс, оқу және белсенді өмір салты үшін барлық қажетті инфрақұрылымды қарастырылған. Кешеннің жанында BINOM инновациялық мектебі, балабақшалар, ойын алаңдары, Арбат аллеясы, көптеген кафелер мен мейрамханалар бар. Биггвилльді толық іске асыру 2025 жылға жоспарланған.

         

        Тапсырылуы бір кезектен ғана тұратын тоғыз қабатты нысан комфорт+ санатына жатады. Әр қабатта 4-5 пәтер орналасқан. Кіреберістердің дизайнерлік интерьерлері, жеке жабық тұрақ, бесік арба қоятын жер, кіруді басқару жүйесі, үш метрлік қабырғалар, электр құлыптары және IP домофондары – әрине, бизнес-класстан берілген «бонустар». Мұнда ауа баптағыштардың астына салқындатқыш блоктарды жасыратын және лаймстоуннан жасалған үйдің сыртқы бетінің эстетикалық көрінісін сақтайтын себеттер қойылған. Жобада қатты шудың таралуын тежейтін «қалқымалы еден» технологиясы қолданылған. Газоблоктан салынған бөлмеаралық қабырғалар Acoustic Pro технологиясы бойынша жасалған.

         

        Абаттандыру тұжырымдамасы әрбір тұрғынға жасына және хоббиіне қарамастан, өзіне ұнайтын нәрсені табуға мүмкіндік береді. Аула кәсіби ландшафтық көгалдандырумен безендірілген, балаларға арналған ойын алаңы мен жаттығу алаңдары орнатылған. Talan Life кешенінде тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі және аула ішінде көлік қозғалысы болмайды, сондықтан мұнда өзіңізді толығымен қауіпсіз сезіне аласыз.

         

        «Бұл жобаның бірегейлігі мен «ерекшелігі» - өзінің Арбат аллеясының болуында. Бұл орын бигвилль тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналатынына сенімдіміз, мұнда жаздың жылы кешінде серуендеуге немесе мейрамханада отыруға болады. Мен жоба командасын шын жүректен құттықтаймын және әрбір клиентке бізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын! Мереке құтты болсын, баршаңызға қуаныш пен мол жақсылық тілеймін! – деп ой бөлісті жоба жетекшісі Қуаныш Урашев.

         

        «Біз көптен күткен жаңа пәтеріміздің кілтін алғанымызға өте қуаныштымыз! Маған бигвилль жобасы мен тұжырымдамасы қатты ұнады. Менің үш балам да мектеп оқушылары, сондықтан үйдің жанында осындай заманауи мектеп болғаны қандай жақсы. BI Group компаниясына қаламыздың дамуына қосқан үлестері үшін алғысымыз шексіз», - деді жаңа үй иесі Мархаба.

        Бүгінгі таңда сатылымда тек 16 пәтер ғана қалды, олар өзінің бақытты иелерін күтеді. Толығырақ 360 нөмірінен біле аласыздар. Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.


        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.