Табыс құпиясымен бөлісті

        17 ақпан 2018

        Қалай бір күнде бірнеше бизнес-спикердің тренингтерін тыңдап шығуға болады? BI University 7 қызықты мастер-класты бір күнге сыйғызып, тыңдаушыларына осындай керемет мүмкіндік сыйлады. Оған компаниямыздың жүзден астам бизнес-серіктесі қатысты.

        ​BI University маңызды деген тақырыптарды таңдады:

        Менеджменттегі көшбасшылық
        Тиімділігі жоғары клиенттік сервис компанияның бәсекелестік артықшылығы ретінде
        Қызметкерлерді дамыту – компанияның табыс факторы
        Қызметкерлерді құндылықтары бойынша басқару
        Тиімді келіссөздер
        Digital PR

        Ал енді спикерлерге келер болсақ, Rumi Group мейрамханалар желісінің негізін салушылардың бірі, танымал қазақстандық ресторатор Қуаныш Шонбай бизнестегі жетістіктерге жету жайында өзіндік тиімді тәсілдерімен бөлісті. Оның айтуынша, білім деңдейін көтеріп отыру маңызды. Онда да кітаптардан алған ілімнің теңдесіз екенін атап көрсетті. Тек өткен жылы ол 72 кітапты оқып бітірген екен. Тіпті оқыған кітаптарымен бөлісті, солардың ішінде: «Я такой как все» Олега Тиньков, «Психология влияния» Роберт Чалдини, «Стартап по Кавасаки. Проверенные методы начала любого дела» Гай Кавасаки, «Цель. Процесс непрерывного совершенствования» Элияху Голдратт, «Влейте в неё своё сердце. Как чашка за чашкой строилась Starbucks» Говарда Шульц, «Фрикомыслие. Нестандартные подходы к решению проблем» Стивен Д. Левитт.

        Айтпақшы, Rumi-дің BI Group-пен ұқсас жері, оның өз қызметкерлерін тұрақты түрде дамытып отыруында, бұл тұрақты оқыту, біліктілікті арттыру және бенчмаркинг. Өз ортаңды білімді адамдармен қоршау да аса қажет. «Олармен жай сөйлесудің өзі үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», - дейді Қуаныш мырза.
        Іс-шара соңында университетте оқуға сертификатқа және Smart Reading-ке жазылуға ұтыс ойыны өткізілді. BI University директоры Ольга Баспаева университетте әр түрлі бағыт бойынша бірнеше бағдарламаның бар екенін және келушілерген жаңа университет есігінің әрдайым ашық екенін айтты.

        Сайтта жарияланатын материалдарға барлық құқықтар BI Group компаниясына тиесілі © 1995-2025
        Пайдаланушыға сайтта орналастырылған кез келген материал BI Group компаниясының (құқық иесі) зияткерлік меншік нысаны болып табылатыны туралы ескертілді. Пайдаланушы құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз зияткерлік меншік нысандарымен қандай да бір әрекетті жүзеге асыруға құқылы болмайды, олай болмаған жағдайда, құқық иесі ҚР заңнамасында қарастырылған айыппұлдарды өндіріп алу, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құзырлы органдарға жүгіну құқығын өзіне қалдырады.
        Осы сайтта ұсынылған кез келген ақпарат тек ақпараттық сипатқа ие және ешбір жағдайда жария оферта болып табылмайды.